20 Қараша 2021
414

Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайымен танысу

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 2021-жылдың 5-қараша күні Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай "Бастауыш білім беру" мамандығы бойынша 101-топта, топ кураторы Асанова Нұргүл Сейткамалқызының ұйымдастыруымен "Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайымен танысу" атты виртуалды саяхат өткізілді.

Негізгі мақсаты: Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайымен танысу және ұлы ақын, ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін мол мұрасын, құнды жәдігерлерін көрсету.

ZOOM конференциясы арқылы ұйымдастырылған виртуалды саяхатқа 101-топ студенттері белсене қатысты. Мұражайдың ғылыми қызметкері Дусмагамбетова Шынар Сұлтанқызы студенттерді ұлы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен таныстырып, барлық тарихи материалдарды бейнетүсірілім арқылы көрсетіп шықты. Өз кезегінде бұл экскурсия студенттердің ұлт ұстазын жетік танып білуде маңызды әрі құнды дүние болды.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location