Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 02 желтоқсан 2021 жылы «Ziat» ғылыми қоғамдастықтың жоспарына сәйкес «Педагог миссиясы» тақырыбында 3-4 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуді 4 курс студенті А.Нурахмет ашып, кездесу қонағымен таныстырып, бірнеше сұрақтар қойды. Кездесу қонағы Болашақ стипендиаты, Европада Педагогика ғылымдарының докторанты, Халықаралық Болашақ бағдарламасы мен Назарбаев стипендиясының иегері, PedAkademia-ның негізін қалаушысы Ибраимов Саят Нұрқасымұлымен білім алушыларға «миссия» сөзінің мағынасын, адамның өмірінде өзінің миссиясы болу керек екендігін түсіндірді. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін өзі бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Колледж студенттері педагог мамандығын таңдап келгеннен кейін, бұл мамандықтың қаншалықты маңызды, әрі елге деген пайдасы жайлы студенттермен пікір алмасты. Педагог миссиясымен қатар кездесу барысында уақытты дұрыс жоспарлау жайлы да ой бөлісті. Студенттер өдерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, Саят Нұрқасымұлына деген ризашылықтарын білдірді.
https://zhgtk.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/524-pedagog-missiyasy-ta-yrybynda-3-4-kurs-studentterimen-kezdesu-tti#sigFreeId5a3d17ddf2