28 Желтоқсан 2021
989

Ер азамат атына лайық бол!

2021 жылдың 21желтоқсан күні Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде "Ер азамат атына лайық бол!"тақырыбында кездесу өтті. Кездесу мақсаты студенттер арасында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу профилактикасы және салауатты өмір салтын ұстану. Қоғамның заңдарын және нормаларын орындау және құрметтеу. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Марат Илипов, Қ.Р. ҰҚК-нің Алматы облысы бойынша Панфилов аудандық бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Тойшыбайұлы, Панфилов ауданы прокуратурасының прокуроры Мирас Диханбайұлы, колледж инспекторы А.Құсаинов қатысты. Кездесуде қоғамдағы жастар проблемасы, жасөспірімдердің тұлға ретінде қалыптасуға сыртқы ортаның әсері, толеранттылық, этносаралық татулық, түнгі рейдтік шаралар туралы айтылып, ұлт болашақ білімді, мәдениетті жастар қолында екені түсіндірілді. Іс-шара барысында колледж оқытушылары мен студенттер тарапынан қойылған әртүрлі сұрақтарға жауаптар мен кеңестер берілді. Кездесуді соңында колледж директоры Б.Саурамбаева студенттер арасында кездесетін проблемалар туралы айта келе, бүгінгі студент - ертеңгі болашақты тәрбиелеуші маман екеніне жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтып, қорытындылады.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location