28 Желтоқсан 2021
432

Әдеби-сазды кеш

Елбасының "Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар"мақаласын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 10желтоқсан күні жергілікті ақын Болат Құрсақбайұлының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Кешке құрметті қонақ ретінде Түркі әлемі жазушылары Одағының ақын-композиторлары, Панфилов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы Т Көшербаева, Жетісу облыстық газетінің тілшісі М.Нұрсейіт, Жаркент жауһарлары бірлестігінің жетекшісі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Б.Жақыбаев тағы да басқа ақынның қаламгер достары қатысты. Кеш барысында ақынның "Ақ жауын" жыр жинағының тұсаукесері жасалып, ақын Б.Құрсақбайұлы Түркі әлемі жазушылары Одағының арнайы төсбелгісімен марапатталды. Жүрегін жауһар жырмен әлдилеген Б.Құрсақбайұлы қазақтың шұрайлы тілін мықтап меңгерген. Бүгінде өзінің әдемі өлең жырларымен әдеби ортаны мойындатқан тұлға. Кеш барысында "Арлы бол, балам!","Атамекен-арман ел",т.б. өлеңдері оқылып, "Сағындым,келесің бе?","Бұл далада","Құлыншақтарым"өлеңіне жазылған әндер шырқалды

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location