10 Қантар 2022
71

Бірлік пен келісім – елдігіміздің тұғыры

Бейбіт ереуілді пайдаланып, халықтың тыныштығын бұзған лаңкестердің арам пиғылы Қазақстан халқына оңай тиген жоқ. Орын алған қиындықтарды қалпына келтіріп, халықтың жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан жан-жақты жұмыстар ұйымдастырылуда. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барлық Заң бұзушылыққа, тәртіпсіздікке жол бергендерге қатаң шара қолданылатынын айтып, ең басты құндылық - «халық» және халықтың тыныштығы екенін өз Үндеуінде айтып өтті. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған, нәтижесінде еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді.  Тәуелсіздік – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық, азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Еліміздің көркейіп өркендеуіне, азат таңымыздың атуына, Тәуелсіз ел болғанымызға шүкіршілік етуіміз қажет. Тәуелсіздіктің басты жетістігі –еркіндік. Оның құнын бағалау – әрбір азаматтың парызы.  Біздің ендігі мақсатымыз-осы еркіндікті баянды ету, көк Туымыздың тұғырынан түспей, желбіреуі үшін адал еңбек ету.

Еліміздегі жағдайды ескере отырып, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы мен студенттері Мемлекет басшысы

Қ. Тоқаевтың қабылдаған шешімдері мен ұстанған саясатын қолдайды.

Біз Қазақстан халқы –біргеміз!

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location