25 Қантар 2022
309

30.12.2021 жылы Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен темекі шегудің, суицидтің

30.12.2021 жылы Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлық пен темекі шегудің, суицидтің, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік, ұлттық тәрбие, отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыттары бойынша, Алматы облыстық білім басқармасы тәрбие және қосымша білім беру  бөлімімен Жаркент жоғары гуманитарлық техникалық колледжінің өзін-өзі тану пән оқытушылары Ж.Мұқаев және А.Қоңырбаева облыстық семинар аясында  Мейірімділік - рухани жан байлығы» тақырыбында тренинг сабақ болып өтті. Мақсаты:   адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағатының мән-мағынасын түсіндіру, жанында жүрген адамдарға деген сүйіспеншілікті дамыту және жанында жүрген достарына, оқушыларға мейірімді, адал болуға ықпал ету.

Семинардың ашылуында облыстық білім бөлімінің тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.М.Үшкемпіровамен колледж директоры Б.Н.Саурамбаева сөз сөйлеп, мұғалімдерге «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен маңызын айтып, бұл пәннің құдіреттілігі – жақсы, жағымды әсер алатынын, біздің өзімізді өзіміз тани білуімізге мүмкіндік беретінін айтып, айқындап түсіндіріп берді. Облыстық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шара балаларды ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеудегі ұстаз  және ата-ананың рөлін нығайтуды көздейді. Себебі, бүгінде бала тәрбиесі өзекті. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік таңдау жасауына ықпал етуге отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады.

Семинардың соңында  кері байланыс жасалып, қорытындыланды. Семинарда бағдарланған бағыттар өз деңгейінде өтіп, толықтай мақсатына жетті.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location