10 Ақпан 2022
346

Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде  2022 жылдың  8 ақпан күні «Қыз тәрбиесі-ұлт болашағы» атты рухани-танымдық кездесу өтті. Кездесуге КСРО білім беру ісінің озаты, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Әдіскер-мұғалім. ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалінің иегері. Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарының құрметті азаматы, колледж түлегі Ақылия Бекбайқызы қатысты. Кездесу мақсаты Ұлы тұлғалардың қыз тәрбиесіне қатысты  рухты тағылымдарын зерделей келе, рухани құндылықтарды, ұлттық болмысымыз бен ұлттық татулықты сақтауға, мейірімділікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Осы мақсатты ұлағатты ұстаз, ардақты әже  өзінің өмірлік тәжірибесімен байланыстырып, мамандықтың  жауапкершілігі, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтып, бақыт қажетудің қадамдарын түсіндірді. 2 сағатқа созылған сыр-сұхбаттың қызықты, әрі мазмұнды болғаны соншалық, уақыттың қалай өткені де байқалмады. Кездесу соңында Ақылия Бекбайқызы қатысушыларға өзінің батасын беріп, естелік суретке түсті.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location