16 Мамыр 2022
401

«Ілияс әлемі» атты республикалық студент-жастар фестивалі

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отырған «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығы 2022 жылдың 26 сәуір күні «Ілияс әлемі» атты республикалық студент-жастар фестивалінде «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» атты эссе байқауы, «Өлең деген-әр сөздің ұнасымы» атты Мүшәйрада Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Шарипбаева Асемкүл Тұрдыкеқызының жетекшілігімен «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» атты эссе байқауында Дүйсенқожа Дана I дәрежелі дипломмен, Валибай Аружан III дәрежелі дипломмен марапатталып, жетекшісіне алғыс хат берілді.

«Өлең деген-әр сөздің ұнасымы» атты Мүшәйрада II дәрежелі дипломмен Назарқұл Айерке Рашидқызы марапатталды. Жетекшісі Шарипбаева Ә.Т

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің педагогика, психология пәндерінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Каримбаев Ғазиз  Қайсаұлының жетекшілігімен «Өлең деген-әр сөздің ұнасымы» атты Мүшәйрада III дәрежелі дипломмен Оразақан Бағлан Бекалиқызы марапатталып, жетекшісіне алғыс хат табысталды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location