16 Мамыр 2022
282

Қазақ елі-достық мекені

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 1-мамыр Ұлттар бірлігі күнен орай «Қазақ елі-достық мекені» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға ҚР Ассамбелясы мүшесі, колледж түлегі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Р.Тохтахунов және «Айқабақ» халықтық әжелер ансамблі мүшелері, колледждің ардагер ұстаздары А.Исабекова мен К.Құсйынова қатысты. 1 курс студенттері М.Джумагулова мен И. Рустамов Мемлекет Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолында» атты халыққа Жолдауына өз пікірлерін мерекемен байланыстырып, баяндама жасады. Іс-шара барысында «Достық»студенттер ассамблеясы өз мерекелік құттықтауларын арнады. Қазақ халқының ұлттық ойыны «Арқан тарту», ұйғыр халқының бесікке салу дәстүрі көрсетіліп, қазақ, кәріс ұлттарының билері мен әндер қатысушылар назарына ұсынылды. 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location