16 Мамыр 2022
280

Қауіпсіз интернет

Жаркент жоғары гуманитарлық-технмкалық колледжінде 9 сәуір 2022 жылы ақпарат фракция мүшелерімен «Қауіпсіз интернет. Жастар интернетте отырып не ұтады?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу қонағы Болашақ стипендиаты, Европада Педагогика ғылымдарының докторанты, Халықаралық Болашақ бағдарламасы мен Назарбаев стипендиясының иегері, PedAkademia-ның негізін қалаушысы, Aqniet education мектебінің директоры Ибраимов Саят Нұрқасымұлымен білім алушыларға «Қауіпсіз интернет» сөзінің мағынасын, жастар интернеттің ұтымды жағын пайдалану керек екендігін түсіндірді. Білім алушыларға өз уақытының көп бөлігін желіде қалдыруға мәжбүр ететін себептерді талдай отырып, қарапайым пайдаланушылар үшін ең маңызды Интернет мүмкіндіктерін соның ішінде «google keep» арқылы тиімді жұмыс жасауды көрсетті. Әлеуметтік желінің пайдасы да, зияны да бар екенін, біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал екенін айтты. Кездесу барысында уақытты дұрыс жоспарлау жайлы да ой бөлісті. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, Саят Нұрқасымұлына ризашылықтарын білдірді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location