16 Мамыр 2022
269

Құзіретті маман-уақыт талабы

17.03.2022 жылы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде «Құзіретті маман-уақыт талабы» ашық есік күні бітіруші топ студенттері мемлекеттік дипломалды іс-тәжірибесінің қорытынды іс-шарасын өткізді. «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 403-404 топ студенттері және топ кураторлары Б.Б.Ниетбаева мен А.А.Бекен «Тәжірибе-мамандыққа бастар жол» идеялар жәрменкесін методикалық тандем форматында ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер практикада қолданған Four corners, Camera, Bomb and tiger,Hot seat ойындарын; кері байланыс, Hungry boys, The social media, Wordwall, Boom, кубизм, Mindmap, Snow ball, Show me, Guess the world әдіс-тәсілдерін іс жүзінде көрсете білді. Іс шараға ауданымыздағы Ы.Алтынсарин, Б.Момышұлы, Н.Крупская, Ж.Жабаев атындағы орта мектептерден, Нағарашы орта мектебінен машықкерлердің іс-тәжірибесіндегі әдіскерлері қатысып, кері байланыс беріп, өз ойларын ортаға салды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location