23 Мамыр 2022
32

Ұранды елдің-ұрпағы қайсар

Студенттерді Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 1 курстар арасында «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» атты әскери патриоттық сайысы өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Кезеңдер бойынша қатысушы командалар «Сап түзеу, ән байқауы» патриоттық әнді марштық жүріс барысын орындап, ҚР Қылмыстық Кодексінің 187, 188, 191, 194, 195, 200 баптарының біреуіне тақырып аясында көріністер көрсетіліп,«Әскери саптық жаттуғулар» кезеңінде сегіздік, сағат тілі бойынша айналу, жүріс барысында бір қатардан екі қатарға сапталу орындалды, команда капитандарына алғашқы әскери дайындық пәні бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың дайындықтарын мен машықтарын бағалайтын әділқазылар мүшелерінде колледж директоры Б. Саурамбаева, Панфилов шекара басқармасының бөлімше бастығы майор А. Дәрібаев, колледж ұстазы, Ауған соғысы ардагері Е. Батырбеков төрелік етті. Сайыс нәтижесінде І орын-107 топ, ІІ орын-101, ІІІ орын-104 топ марапатталды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location