02 Маусым 2022
375

Демонстрациялық емтихан

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 30,31 мамыр күндері WorldSkills стандарттарына сәйкес «Бастауыш білім беру» және «Мектепке  дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттіліктері бойынша біліктілік емтиханы,  түлектерді даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі - Демонстрациялық емтихан  өтті.  Модульдік тапсырмалар бойынша студенттер практикалық дағдылары, білім мен машықтың деңгейін көрсетті.

Бағалауға түлектің дайындық сапасына және оның емтиханда көрсетілген мүмкіндіктеріне тиісті бейін бойынша көз жеткізе алатын серіктес мекемелердің  сарапшылары қатысты. Серіктес мекеме қызметкерлері мен колледж оқытушыларынан құралған сарапшылар тобы студенттердің  модульдік тапсырмаларына CIS (Competition Informational System – бағалауға арналған ақпараттық жүйе) жүйесінде өңделетін өлшемшарттар бойынша балл қойып, нәтижені рәсімдеді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location