14 Қараша 2022
300

«Комплаенс қызметінің бүгінгі күндегі қажеттілігі»

Комплаенс-офицер – бұл мекеменің  өзінің сыртқы нормативтік және заңдық талаптарына, сондай-ақ ішкі саясат пен ережелерге сәйкес келуін қамтамасыз ететін қызметкер. Комплеанс маманы  құқықбұзушылықтың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау мақсатында жұмыстарды үйлестіреді. Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022 жылдың 12 қазан күні «Комплеанс қызметінің бүгінгі күндегі қажеттілігі»тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға колледж оқытушылары қатысты.  Семинарда парасатты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік әрбір адамның ішкі нанымына, ойлау мен мінез-құлқының негізіне айналу қажеттілігі туралы, парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда күш –жігерді біріктіріп, осы бағыттағы жұмысқа барлық қоғамның тартылуын қамтамасыз ету маңыздылығы,  туралы ой-пікірлер  айтылды. 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location