23 Қантар 2023
260

20 қаңтар 2023ж " Толеранттық-үйлесімді өзара қарым -қатынас негізі" атты тақырыпта дөнгелек үстел 101,102,103 топтар арасында өтті

20 қаңтар 2023ж  " Толеранттық-үйлесімді өзара қарым -қатынас негізі" атты тақырыпта дөнгелек үстел 101,102,103 топтар арасында өтті.  Білім алушылар толеранттылық туралы ұғымның дамуына тарихи шолу жасап, ситуациялық жағдаяттарды шешіп, тақырыптың негізгі маңызын аша білді. Толеранттылықтың негізгі маңызы — әр мемлекеттегі ұлтаралық қатынастардың қауіпсіздігі болып табылады. Ұлттық толеранттылық- біздің жалпы тарихи — мәдени кеңістігімізді қоғамда топтастыратын белгілі фактор. Қазақстандағы толеранттылық –ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс деп те айтуымызға болады. Имандылық пен татулықты, бірлік пен бейбітшілікті ту еткен кешегі бабаларымыз ұрпағын ұйымшылдыққа, қайырымдылыққа үндеп отырды. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы «Толеранттылық қағидаттары» туралы декларация қабылдады. Толеранттылық мәні қазақ тілінде төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деген мағына береді. Адамдар арасындағы өзара сыйластықты, мейірбандықты білдіреді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location