26 Ақпан 2019
1824

0105000 «БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ», 0111000 «НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ» МАМАНДЫҚТАРЫНДА БАЙҚАУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Онда тәрбие-білім беру үрдісін модульдей алу, білім берудің жаңа    технологиялары  мен жаңа идеяларын өздігінше  іске асыру, кәсіби құзіреттілік деңгейін   арттыру  мақсат етіледі.   Осы себепті мектептегі білім сапасын арттыруда қолданылатын  техникалық және көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар белгілі бір жүйемен тақырыптың мазмұнына сай қолданылуына, сабақтан тыс шаралар мен байқау сабақтарын өткізуге, оларға сценарий, жоспарлар құру, нормативтік құжаттарды жүргізу біліктерін жетік меңгеруіне көңіл көп бөлінді. Сондықтан әрбір әдіскер маман даярлау, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыру кәсіби шеберлігін жетілдіруге қажетті іскерліктер мен дағдыларын қалыптастыруды мақсат етті. Жан -жақты маман даярлау үшін оқыту, білім беру үрдісін белсендендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін енгізу күнделікті жұмыс барысында жүргізілді.
Бүгінгі білім беру саласындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Базалық мектептердегі оқу үрдісіне «Тиімді оқыту және оқу» жаңартылған бағдарламасының енгізілуіне байланысты 2017 ж. екінші жартыжылдығынан байқау практикасы дайындық сабақтары мазмұнына өзгерістер енгізілді. Базалық мекемелердегі мұғалімдердің көмегімен үлгі сабақтар ұйымдастырылды. Нәтижесінде практикант-студенттер  жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарларын жасақтау, оқушы белсенділігін арттыру әдістері, сабаққа талдау жасауды және тәжірибе барысындағы міндеттеріне жаңаша қарауды, жалпы мұғалім әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды меңгерді.

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location