«Оқытудың саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі беріктігі, ынталандыру, интеграциялау, проблемалы принциптер» тақырыбында ашық сабақ өтті

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде педагогика және психология пән бірлестігінің он күндігі аясында «Бастауыш білім беру» мамандығы 201-топта 12.02.2020 ж.күні педагогика пәнінің оқытушысы С.Ж.Иргебаева педагогика пәнінен «Оқытудың саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі беріктігі, ынталандыру,  интеграциялау, проблемалы принциптер» тақырыбында ашық сабақ өтті.

17.02.2020ж күні 203 топ студенттерімен психология пәні бойынша оқытушы Н.Диханбаева ашық сабақ өткізді

Сабақ барысында сыни ойлаудың әдіс-тәсілдерін қолдана «Зейін, физиологиялық негізі. Зейін түрлері мен қасиеттері» тақырыбы түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар орындалды. Сабаққа «Педагогика және психология» ПЦК оқытушылары қатысып, өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын айтты.

Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бөлігінде әлеуметтік бастаманың үштен бір бөлігін іске асыру барысы туралы

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде  «Студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту бөлігінде әлеуметтік бастаманың үштен бір бөлігін іске асыру барысы туралы» тапсырманың орындалуы бойынша 21.01.2020ж күні аудадық Нұр Отан партиясының мамандары колледж жатақханасында тұратын студенттердің тұрмыс жағдайымен, көрсетілетін қызмет түрлерімен танысып, студенттермен сұхбат жүргізді.

Отбасы психологиясы, отбасындағы психологиялық-эмоциялық қарым-қатынас

Жаркент жоғары гуманитарлық- техникалық колледжінде 21.01.2020ж күні аудандық жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ақбота Бақытқызының ұйымдастыруымен «Отбасы психологиясы, отбасындағы психологиялық-эмоциялық қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өтті.

Кәсіби бағдар жұмысы

Жаркент жоғары  гуманиталық-техникалық колледжінде Кәсіби бағдар жұмысы бойынша Ш.Уалиханов орта мектебінің 9 сынып оқушылары келіп, колледж тарихымен, оқу кабинеттерімен, колледжде дайындалатын мамандықтармен танысты.