ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ТОП СТУДЕНТТЕРІ ЖАСӨСПІРІМДЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ 1 ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігінің «Бақытты Жаңа жылыңызбен!» жасөспірімдер фестивалінде «вокал» жанрында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің 308 топ студенттері Ибрагим Жансая Бас жүлдені иеленсе, І дәрежелі дипломмен Тоқтымамыт Ерсұлтан марапатталды.

ЖАРКЕНТ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ «ЖЫЛ МАҚТАНЫШЫ» АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық бірлестігі халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту жолында озық тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілетін Еліміздің өсіп, өркендеуіне зор үлес қосқан Жаркент гуманитарлық-техникалық колледж директоры Темирбаева Сара Нургалыкқызы «Жыл мақтанышы» атағына ие болды.

КОЛЛЕДЖДЕ «ТАЗА ҚАЛА – КӨРІКТІ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ АЙЛЫҒЫ

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласын жүзеге асыру мақсатында «Экология» клубы жұмыс істейді.

«БОЛАШАҚҚА ЖОЛ АШАР, БІЗ ЖАҢАШЫЛ МАМАНДАР» АТТЫ ҚОРЫТЫНДЫ ШАРАСЫ ӨТКІЗДІЛДІ

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы Ниетбаева Бану Батырханқызы «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 304-топпен байқау іс-тәжірибесінің «Болашаққа жол ашар, біз жаңашыл мамандар» атты қорытынды шарасын өткізді.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЙҚАУ САБАҚТАРЫ

0108000 «Музыкалық білім беру» 0108013 «Мектепке дейінгі ұйымдардағы және негізгі орта білім берудің музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша «Балабақшадағы байқау сабақтары» практикасы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, МКҚК «Таңшолпан» балабақшасында жүргізілуде.