14 Наурыз 2022
301

Шынар Алимханқызына алдағы уақытта сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз.

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, жаңа талаптың жаңа біліктілігі  жобасында  педагогтардың кәсіби дамуына жағдай жасау, үздік тәжірибені насихаттау  барысында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде  педагогика пәні оқытушысы «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен  Көшбасшылық туралы түсінік. Көшбасшылықты қалыптастырудағы жаттығулар мен ойындар» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бакалавр мамандығына оқып жатқан білім алушылар ашық сабақта өздерін жан-жақты көрсетіп, шағын топтарда жұмыс жасады. Ойларын ашық айтқан студенттер  көшбасшылықтың барлық қасиетін тізбелеп берді. Түрлі әдістер қолданып, әдістемелік шеберлікпен орындалған сабақ мақсатына толық жетіп, ұстаздың біліктілігі мен ұтқырлығы айқын көрінді. Үнемі ізденісте жүретін Шынар Алимханқызына алдағы уақытта сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location