02 Наурыз 2023
219

«Жарқын елдің шамшырағы - жас маман» тақырыбындағы колледжішілік жас мамандарға арналған байқау өткізілді

Жас педагогтардың шығармашылық еркіндік кеңістігіндегі бағытын айқындау, өзін-өзі көрсету, тұлғалық және кәсіби дамуын қалыптастыру мақсатында 17.02.2023 ж «Жарқын елдің шамшырағы - жас маман»  тақырыбындағы колледжішілік жас мамандарға арналған байқау өткізілді. Байқау IV кезеңнен тұрды:

Эссе жазу

Жас маманның электрондық портфолиосы

Жас маманның үздік ашық сабағы

Бейне таныстырылым: Менің қызметтен тыс өмірім…

«Шығармашылық жолдың бастамасы…»(өз өнерін көрсету)

«Білікті маман – Ел тірегі» (ситуациялық сұрақтар). Байқау қорытындысы бойынша дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Мұқашов Б.Ұ. І дәрежелі Диплом, 25000 теңге сертификатпен, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Абдрасул Ж.Қ. ІІ дәрежелі Диплом мен 15000 теңге сертификатпен, дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Даулетов А.Қ., педагогика пәнінің оқытушысы Абдуллаев Д. ІІІ дәрежелі Диплом мен 10000 теңге сертификатпен марапатталды. Конкурсқа қатысушы жас мамандарымыз номинация бойынша алғыс хаттарға ие болды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location