12 Қараша 2022
341

«Сабақта БФЕ әдісін қолданудың тиімділігі» шебер сынып

2022 жылғы 7 қарашада «Жарқын болашақ сапалы білімде» тақырыбымен «Қазақ, ұйғыр тілдері мен әдебиеті» кафедрасының апталығы  басталды. Апталық аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-шебер Ақмарал Нурбекова колледж жас мамандарына арнап  «Сабақта БФЕ әдісін қолданудың тиімділігі» атты шебер сынып өткізді.  Шебер сыныптың мақсаты сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын практикалық тұрғыда көрсету болды. Сабақта білім берумен қатар өмірде, қызметте, азаматтық ұстанымда өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесетін бірнеше әдістерді практикалық тұрғыда меңгере алды. 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location