14 Мамыр 2022
300

Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Педагог-шебер біліктілігін иеленген педагогтардың іс-тәжірибесінен ашық сабақтар алаңы өткізілді

Алматы  облысының  білім  беруді  дамыту  оқу-әдістемелік  орталығының ұйымдастыруымен, Педагог-шебер біліктілігін  иеленген  педагогтардың  іс-тәжірибесінен  ашық  сабақтар  алаңы  өткізілді.

Алматы  облысы,  Панфилов  ауданы Жаркент  жоғары  гуманитарлық-техникалық  колледжінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы,  «Talap»  ҚЕАҚ штаттан  тыс  тренері, Алматы  облыстық  «Үздік  педагог-2021» байқауының жеңімпазы,  Педагог-шебер Нурбекова  Акмарал  Маметказиевна  іс-тәжірбиесін таратты.

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің «Қазақ  тілінің  практикумы»  пәнінен  «Одағай  сөздер.  Одағайдың  мағыналық  түрлері» тақырыбында  ашық  сабағын  өткізді. Зум қосымшасымен  62 оқытушы қатысты. Сабаққа  республикадан Ақмола облысы,Көкшетау облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Жұмажанова Сауле Болатовна,Жамбыл облысы Абай атындағы колледж,Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі,Көкшетау Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледждерінен оқытушылар қатысты.Әріптесіміз Сауле Болатовнаның сабаққа берген кері байланысында шеберлікпен шығармашылықпен ұйымдастырған жоғары деңгейдегі сабақ деген ұтымды ой,маңызды пікірін айтты.

Сабақтың түрі практикалық. Сабақты жоспарлау бойынша оқытушы өзінің педагогика іс-әрекетін сабақтың нәтижесін болжамына сәйкес жоспарлаған.Сабақ құрылымы жағынан дидактикалық,әрекет,әдістеме тарапына сәйкес рефлексивті нәтижені айқындайды.Сабақтың жалпы құрылымы тілдік заңдылықтарды меңгеруге құрылған.Материалдың мазмұны,оқу іс-әрекеін ұйымдастыруына қарай  ғылыми аспектіге негізделген.Дәлелді фактілерді  қолдану деңгейі ұтымды байланыс жасауға мүмкіндік береді.Оқытушы студенттерге материалдарды меңгерту логикасын,реттелігін ұтымды құрып,нақты “Атаулы кестесі’’әдісі  арқылы Скаффолдинг жүргізуде теориялық білімді көрсетуге мүмкіндік  алаңын жасай білді.Жазушылардың көркем шығармаларымен  жұмыс студенттердің  ақыл-ойын,практикалық операцияларды орындауға «Оқуға құштар мектеп   жобасы аясында,оңтайлы оқу ортасын құруға мүмкіндік берді.

Сабақ тақрыбының ғылыми жаңалығын түрлендіруде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері,филология ғылымдарының кандидаты Солтанбекова Альфия Абдыкенқызының берген мәліметтері құнды болды.

Сабақтың ұтымды құрылымын қамтамасыз етуде берілген материалдың негізгісі мен тақырыптың маңыздысын сабақ түріне қарай практикалық нақтылықтарды жүйеленген.Материалдың мөлшері,қайталау уақыты,жаңа материалды  меңгеруге қолданылған оқыту тәсілдері  білімалушының жас ерекшелігіне сәйкес.Оқытушы  сабақ барысында студенттерге жеке дара және дифференциалды көзқарас жасап,өзін-өзі көрсету мен ішкі ресурстарды ашуға ынталандыру формаларын қолданады.Сабаққа қажетті оқу-материалдық жағдайын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.студенттердің танымдық іс-әрекет белсенділігін ашуда ұтымды тапсырмалар арқылы оқу-танымдық міндеттерді шешу мен түсінуге “Түртіп алу ”әдісі қолданылады.Сабақтың тиімділігін арттыруда Plickers әдісі оқытудың барлық кезеңдерінде сапалы бағалау мүмкіндігін берді.Болашақ мамандандырдың білім,білік,дағды тұтастығын қалыптастыуда байланыс  шапшаңдығын,қатынас ынтымақтастығын қалыптастыра білді.Сабаққа қатысқан әріптестер тарапынан өте жоғары деңгейдегі нәтижелі сабақ деген пікірлер айтылды.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location