25 Ақпан 2019
2024

Әдістемелік қызмет

1. ПЦК ЖҰМЫСТАРЫ

Колледждің әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына сәйкес 17-27.10.2016 ж. аралығында ағылшын, орыс тілі ПЦК-сының «Тіл-өркениеттің кілті», 08.11.-18.11.2016 ж аралығында математика, информатика және ақпараттық технолгогиялар ПЦК-сының «Білім беру мазмұны жаңғырту-болашаққа бағдарлану», 22.11.-03.12. 2016 ж. аралығында «Жалпы білім беру» ПЦК-сының «Тәуелсіздік тәу етер киелі ұғым», 01.02.-13.02. аралығында «Өзін-өзі тану»; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы 13.02.-23.02. аралығынды Қазақ, ұйғыр тілдер ПЦК-сының «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен ана тілінде», 27.02.-7.03. аралығында педагогика және психология ПЦК-сының «Ұстаз деген жарық күні ғаламның», 07.-27.03.2017 аралығында «Өнер» ПЦК-сының «Өнер-сарқылмас қазына», 02.05.-13.05. аралығында Дене тәрбиесі және АӘД ПЦК-сының «Спорт-досың, серігің. Шынықсаң шымыр боласың, шынығып өсіп, толасың» тақырыптарында онкүндіктері өтті. ПЦК онкүндіктерінде конференциялар, ашық сабақтар, семинарлар, треннингтер, көшбасшылар сайысы іс- шара  жоспарына сәйкес өтті.
«Алматы облысының білім берудегі ақпараттық технологиялар» орталығының жоспарланған кестесіне сәйкес Онлайн режимінде 07.12.2016ж. қоғамдық пәндер оқытушысы К.Илиманова «Ұлтымның ұлы тұлғасы» атты сыныптан тыс, 10.02.2017 ж. «Өзін-өзі тану»; «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткен онкүндік аясында психология пәнінің оқытушысы А. Қоңырбаева «Доброта-солнце согревающее сердце человека», 02.03.2017.ж. ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.Карабалаева «English is the world language» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті.     

 

2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ОРТАЛЫҚТАР


Әдеби шығармашылық орталық 3 бағытта жұмыс жүргізеді. 
– «Сөз өнері»,
– «Жас тілшілер»,
– «Мұқағалитану» 
Мұқағалитану үйірмесінің Құдіретті поэзияның тас қалаушысы атанған ақындық мұрағат-мүддесін дәл танытқан, қазақ поэзиясының аспанында жарқырап өткен біртуар ақынның М.Мұқағали туралы айтылар әңгімелері мен өлеңі жайлы деректер жинақталған. Жыл сайын туған күніне орай жыр кеші өтеді, өмірден 45 жасында өтуіне байланысты, биылғы «Мұқағали мәңгілік» жыр кешінде 45 өлеңі оқылып, әндері шырқалды.
«Сөз өнері» шығармашылық орталығына 25 студент қатысады. Үйірме жұмысытөмендегідей нәтижелерге қол жеткізді: 
Алматы қаласында  Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген XXXVI  Халықаралық Ғылыми практикалық  конференциясында  бірінші орынды иеленген 109 топ студенті Тулесхан Ұлбикенің дайындаған « Алаштың ақберен ақыны»  тақырыбындағы жобасы ең таңдаулы 20 жобаның қатарынан көрінгендігін атап өтуге болады. Жетекшісі Э.Н. Сауранбаева Абай медалімен марапатталды. Кіші ғылыми жобаның аймақтық,облыстық байқауында 205 топ студенті Әшім Әлия «Махамбет Өтемісұлы шығармаларындағы метафораның бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында сөз қадірін жете сезіне, оны орынды қолдана отырып, өз ойын ғылыми тұрғыда дәлелдеп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі М.Д. Мухаметжанова 
«Жас тілші» үйірмесінің 2016-2017  оқу жылында үйірме мүшелері колледжішілік, облыстық, республикалық деңгейде өнер, білім, шығарма байқаулары мен мүшәйрада, сайыстарда өздерінің шығармашылықтарының жоғары деңгейін көрсетті. 105, 205-топтардың студенттері бірлесе отырып, мерекелік шараларға байланысты сценарий құрастыруды, эссе жазудың тәртібі мен өлең жазудың қыр-сырын меңгерді. Қыркүйек айында өткен тілдер айлығында   Исламғали Үркімбай ақынмен кездесу кешіне орай мүшәйра ұйымдастырып, студенттер ақын өлеңдерін оқумен қатар, өз өлеңдерін де оқыды. 205-топ студенттері Әшім Әлия, Турдиева Нигара, 105-топ студенті Айтбай Жанат ҚР КҒА-ның республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына жолдама алып отыр. Студенттердің жоба жазудағы ізденісі мен оны жазудың талаптарын меңгертуде үйірме жүйелі түрде көмек көрсетті. Мақала жазу да көп ізденісті қажет етеді. 105-топ студенті Өмірғали Айғанымның мақаласы колледж студенттерінің жинағына  енді
 «Жас аудармашы» шығармашылық орталығы “Мамандықтар”,  “Әуежайда кездесу”, “Бизнес ланч” тақырыптарында ағылшын тілінде әңгімелесу өткізген.“Сұрақ түрлері”, “Іскерлік кездесуде қолданылатын тіркестер” тақырыптарында практикалық жұмыстар өткізген.
“Тіл- татулық тұтқасы” атты тіл айлығы аясында шығармашылық топ студенттері арасында  “Үздік аудармашы” байқауын ұйымдастырған. Байқау қорытындысы бойынша III орынды 2-курс студенті Заманова Дильназ, II орынды 3-курс студенті Жақыбаева Гүлмайса, жүлделі I орынды 2-курс студенті Тұрғанбаева Айжан жеңіп алды. Аталған байқау жеңімпаздары арнайы диплом және кәдесыйлықтармен марапатталды.
«Полиглот» шығармашылық орталығының  негізгі бағыттарын «Үштұғырлы тіл», ағылшын тілі грамматикасы, шетел әдебиеті, елтану, экология, денсаулық, экономика тақырыптары құрайды. Жұмыс бағыттары диагностика және сыныптан тыс жұмыстарға негізделген. Шығармашылық топ мүшелерімен «Шетел тілін білудің маңызы» тақырыбында дебат, «Қызықты грамматика» интеллектуалды ойынын, «Британияның танымал жазушылары» атты әдеби кешін ұйымдастырып өткізген.


«Педагогикалық шеберхана» шығармашылық орталығының негізі бағыттары:
1. «Педагогикалық шеберлік» мектебі 
2. «Жас мамандар мектебі»
3. «Педагогикалық зертхана».
4. «Инновациялық технологиялар орталығы»
5. «Рухани- адамгершілік құндылықтар орталығы»
«Педагогикалық шеберлік мектебі» шығармашылық орталығының жұмысының нәтижесінде шеберлік сыныбы бойынша педагогика пәнінің оқытушысы Оразбаева Ж.Қ колледжішілік  World Skils 2017 ЖГТК байқауын 207-307 топтар арасында наурыз айында өткізді.
«Рухани- адамгершілік құндылықтар орталығында»төмендегідей жұмыстарұйымдастырылған  02.02.2017ж -12.02.2017ж аралығында өзін-өзі тану бойынша он күндікте Исламова Р.К «Человек трудолюбивой души», Оразбаева Ж.Қ «Адамгершілік тақырыбы мәңгілік»,  Омарова Д.А «Достық бірлік пен ынтымақ негізі», Маули Г «Жан дүниемнің жандары шуақтары», Иргебаева С.Х «Қазақ халқының салт-дәстүрлі –болашақ келбеті», Дәулетбақова А.М , Рахимбаева Д.Н «Утро радостных встреч», Коңырбаева А.Е  онлайн урок «Добрата – солнце согревающее сердце человека», Диханбаева Н.К  «Өнегелі отбасы» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.  

 

«Педагогикалық-инновациялық» орталығы бойынша өткізілген жұмыстар:
1.Н.Назарбаева Зияткерлік мектебі, педшеберлік орталығының білім дамыту курсынан өткен оқытушыларЕ.Жұманов пен  Д.Рахимбаева «Деңгейлік оқыту»  технологиясының 7 модулін  пайдаланып шеберлік сабақтарын көрсетті:
1. Топтастыру
2. Диалогтық оқыту
3. Сыни тұрғысынан ойлау
4. Формативті бағалау
5. Суммативті  бағалау
6. АКТ
7. өзін-өзі бағалау
 «Ақпараттық-инновациялық» шығармашылық орталығында 3 бағыт жұмыс жасайды: 
– Жас техник
– Жас аниматор
– Дизайнер 
«Жас техник» шығармашылық орталығы компьютерлік техниканы жөндеу, интернет желісінің жұмысын қадағалау, инновациялық технологияларды ендіру және компьютерлер мен серверлерді программалық қамтамасыз ете отырып, орталық мүшелерінің іскерліктерін арттырып отырады.Мәселен306-топ студенттерімен дербес компьютерлермен жаңа типтегі ноутбуктерге қызмет көрсету, оларға қолданбалы бағдарламаларды орнату, драйверлер мен антивирустық бағдарламаларды орнату жұмыстары колледжде жүргізіліп келеді.
«Жас аниматор» шығармашылық орталығы жұмысының нәтижесінде 
Pinnacle Studio, Adobe Photoshop,  3d Blender, Macromedia Flash MX бағдарламаларының анимациялық мүмкіндіктерін толық меңгеріп, түрлі мультипликациялық бейнелер, кадрлар, клиптер,  web банерлер және тағыда басқа бейнелер жасалған. Студенттер жүлделі орындарға иеленді
 «Жас дизайнер» шығармашылық орталығында компьютерлік графика қолданатын дизайн салаларының шығармашылық және интеллектуалдық еңбек сферасы мамандарына арнайы әлеуметтік тапсырысын орындау және компьютерлік графикаға негізделген пәндерге әдістемелік құрал жасау жолдарымен танысу жұмыстары жүргізіледі. 406-топ студенттерімен бірге журналдардың мұқабасы, жарнамалық баспа өнімдері, газеттер, теледидардан берілетін жарнамалық роликтер, фильмдер, корпоративтік тұсау кесерлер, компакт-дисклер, жұмыстарын жүргізіп отырады. «Жарнаманың арнайы түрлері» 406-топ студенттері Adobe Photoshop растрлық редакторы мен CorelDRAW векторлық редакторын қолданып жасаған жарнамалық билбордын көрсетті. Көптеген цифрлы бейнелер компьютерге сканер немесе сандық фотоаппарат арқылы енгізіледі. Сканер көмегімен слайд, диапозитив, фотосуретті қайта өзгерту арқылы сандық мәліметтерге айналдыруға болады. Бейнені сканерлеу әдісі, одан кейінгі түсті корректрлеу және өндеу операциялары, басылымдық компьютерлік өнімдерде, әсіресе жарнамалық хабарландыруларда және журнал парақтарының дизайнын жасағанда жиі қолданылады.
«Жас ғалым» ғылыми зерттеу орталығының көрсеткіштері: 
ҚР Кіші ғылым академиясының 43-ші республикалық  ғылыми-практикалық конференциясында  Қасым Талшын (жет.Құрабалдиева Клара Бавашқызы), Игембаева Мадина (жет.Жұмагелдинова Әсем Кадиржанқызы) ІІ орын,  Турдиева Нигара (жет.Хақан Айжан), Әшім Әлия (жет.Мұхаметжанова Маржан Даулетқызы), Әбітай Мадина (жет.Иргебаева Советқан Жұмашқызы) ІІІ орын, ҚР Кіші ғылым академиясының облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Тұрсын Ақберен(жет.Тумаева Нұргүл Қабдолдақызы) І орын,  «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қоры ұйымдастырған  27-ші республикалық ғылыми-практикалық конференциясында  Тулесхан Ұлбике (Саурамбаева Эльмира Нүсіпбекқызы), Айтбай Жанат (жет.Құрабалдиева Клара Бавашқызы), Игембаева Мадина(Жет.Шәріпбаева Әсем Тұрдыкеқызы) І орын,  Тұрсын Ақберен (жетек.Тумаева Нұргүл Қабдолдақызы) ІІ орын,  Қасенова Айдана (Жет.Құрманбекова Сауле Санақбаевна) ІІІ орын иеленді.

 

3. ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР, БАЙҚАУЛАР

Worldskills  Kazakhstan Ұлттық чемпионатына  «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Садықбек Назым (жет. Теңізбаева Меруерт Молдахметқызы) қатысты.«Жырлайды жүрек» республикалық Мұқағали оқуларында   Қадырова Надира (жетекшісі Оразхан Алмагүл Сембайқызы) бас жүлдеге ие болды.
І. Жансүгіровтың  туған  күніне орай  өткізілген «Ілияс әлемі» жастар фестивалінде «Алашы ардақтаған ақын» атты ғылыми-практикалық студент жастар конференциясында  
Тулесхан Ұлбике (жетекшісі:Мұхаметжанова Маржан Даулетқызы) І орын,  Ерғали Әсемгүл (Қожабергенова Рыскүл Тұрғанқызы), Сламғали Аяулым (жетекшісі Құрманбекова Сауле Санақбайқызы) ІІ орын, Наурызбай Ақжан (Жет.Шәріпбаева Әсем Тұрдыкеқызы),Шакертхан Жұлдыз(жетекшісі Құрманбекова Сауле Санақбайқызы), «Сахна саңлақтары» байқауында ІІ орын. Рысбекова Жанар, Мұқи Құштар, Сағатбек Жайдар, Қалибай Талшын, Сейтқали Мейірім, Тоқтар Балжан (жетек. Балғабекова Гүлжанат) ІІ орын алған. Қадырова Надира(жетекшісі Оразхан Алмагүл Сембайқызы) ІІІ орын, «Білімді ұрпақ-болашақ жетістігі»  тақырыбында өткізілген облыстық олимпиадада 
Тұраппек Назерке (жет.Келмухамбетова Алия Кайнидиновна), Қасенова Айдана (жет.Каримбаев Ғазиз Қайсаұлы), Айтқожа Ырысты (жет.Қуатбек Еркін Бақытұлы), Муратова Камила (жет.Маули Гүлгайым), Байсеркеева Анель(жет.Қожабергенова Рыскүл) І орын,Масалім Айгерім (Тойғұлов Мұхтархан),Тілеуберген Гүлназ (Даулетбақова Айжан Маратовна), Қадырова Альбина (жет.Рахимбаева Данара Нұриахметқызы) ІІ орын, Нұртілеу Гаухар (Теңізбаева Меруерт Молдахметқызы), Әділғазы Руслан (Усенов Берік Манапханұлы), Мажитова Ұлбосын (жет.Асанова Нұргүл Сейткамалқызы) ІІІ орындарға ие болды.
«Алтын Адам мекені»   ІІ облыстық  байқауында  «Рапсодия» квартеті   және Сүлеймен Олжас (жет. Илиева Зумрат Бурхановна) ІІІ Дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жеңіспен келген көктем» атты балалар  мен  жасөспірімдер  арасындағы Республикалық өнер байқауында Сүлеймен Олжас (жетек.Илиева Зумрат Бурхановна), Садиров Дильшат (жет.Тохтахунова Гулмира Талиповна), Тойкулиева Айдана (Жумалиева Кулімхан Өсербайқызы) І орын,Семей қаласында өткен «Мұғалім мәртебелі мамандық» атты  аймақаралық байқауда Қасымжан Арайлым (жет. Асанова Нургул Сейткамалқызы) І орын иеленді.
Білім және ғылым саласында дарынды және талантты жастардың еңбектерін ерекше бағалау мақсатында «Жас дарын» төсбелгісімен марапатталғандар: Өзбақан Зарина (жетек.Келмухамбетова Алия Кайнидинқызы), Қасым Талшын (жет.Шәріпбаева Әсем  Тұрдыкеқызы),Асанқожа Айжан, Мереке Жангелді(жет.Құрабалдиева Клара Бавашқызы).
Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы V «Мәңгілік ел үміттері» атты дарынды озат оқушылар антологиясына белсене қатысқан студенттер:  Байсұлтан Іңкәр (жет.Саурамбаева Эльмира Нүсіпбекқызы), Сламғали Аяулым (жет.Бағдаулет Жазира Нұртазақызы), Құрманбекова Зарина(жет.Шәріпбаева Әсем Тұрдыкеқызы), Әбітай Мадина (Құрабалдиева Клара Бавашқызы), Құрманбекова Зарина (Жет.Шәріпбаева Әсем Тұрдыкеқызы), Тұрсын Ақберен(жет.Тумаева Нұргүл Қабдолдақызы).

 

4. ЖАС МАМАНДАРМЕН ЖҰМЫС


«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Дарынды шәкіртке-талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадада қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Оразхан ІІ орын иеленді, қоғамдық пәндер оқытушысы Н.Даутов, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы А.Шәріпбаева номинация бойынша марапатталды. Жас мамандар Н.Даутов,  А.Оразхан, Т.Оспанова, М. Тохтахуновтар пән онкүндіктерінде өткен ашық сабақтарында инновациялық технологияларды тиімді пайдалана білді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Оразханның жетекшілігіменстуденті Қадырова Надира «Жырлайды жүрек» республикалық Мұқағали оқуларында  Бас жүлде, «Ілияс әлемі» жастар фестивалінде «Алашы ардақтаған ақын» атты ғылыми-практикалық студент жастар конференциясында ІІІ орын иеленді, «Просвещение» республикалық ақпараттық-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Біздің заманның батырлары» шығарма байқауында студенттері Мұқажан Меруерт, Мұқажанова Гаухар Грамотамен, өзі Алғыс хатпен  марапатталды. Зерделi Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған республикалық қашықтықтан өткен интернет байқауында студенті Қалияс Мадина І орын, Мұсахан Нұрай, Тұрсынмаметова Перизат ІІ орын иеленді. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Т.Оспанованың Алматы қаласындағы Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «Шет тілін оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін пайдалану» атты ғылыми тәжірибелік конференциясының жинағына «Шет тілі сабағында электронды сөздікті қолдану» атты мақаласы шықты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location