Мақсаты:
Студенттер, оқытушылар мен ата-аналарды ұйымдастыру арқылы психологиялық қызмет, оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосу. Инновациялық білім беру технологияларын қолдана отырып, студенттердің психологиялық саулығына жағымды ықпал ету, жас ерекшеліктерінде кездесетін психологиялық сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру.
Міндеті:
- Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу;
- Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;
- Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;
- Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;
- Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
- Студенттер, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі жұмыс бағыттары:
- Психодиагностикалық бағыт;
- Психопрофилактикалық бағыт
- Психокоррекциялық бағыт;
- Кеңес беру;
- Психологиялық білімді көтеру.
Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:
- Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;
- Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;
- Бейімделу кезеңін бақылау;
- Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;
- Жас мамандарға көмек;
- Ата-аналармен жұмыс;
- Іс-тәжірибе бойынша кеңестер беру.