05 Қараша 2020
3537

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

АЛҒАШҚЫ САБАҚ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Білім күні шын мәнінде  бүкіл халықаралық мерекеге айналды. Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Мыңдаған оқушылар мен студенттер, білім мен ғылым саласындағы ұстаздар мен оқытушылар, барша қызметкерлер үшін бірінші  қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені – Білім. Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың маусым айындағы хатына сәйкес  2020-2021 оқу жылының алғашқы сабағын өткізуде республика аумағында  адамдардың жаппай жиналуына шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес дәстүрлі салтанатты жиын өткізуден бас тарту ұсынылды.

 

Жаңа оқу жылына 1 курстарға топ кураторлары тағайындалды. Биылғы оқу жылында негізгі орта білім бойынша 9 топ, жалпы орта білім бойынша 3 топ қабылданды.  Осы жаңадан қабылданған студенттердің ата-аналарымен байланысып, 1 қыркүйекке дейін  қажетті құрылғылардың жеткіліктігі туралы ақпарат жинақталып, мониторинг жасалды.

 

Алғашқы  сабақты еліміздің негізгі Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 25 жылдығына арналған «Конституция –біздің болашағымыз!» тақырыбында өткізілді. Білім күні «Қазақстан Республикасының Конституциясының құндылықтары», «Мамандық таңдау», «Менің өмірімдегі Конституцияның ролі», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз- қоғам мүдделеріне сатқындыққа қарсымыз» тақырыптарында тәрбиелік, танымдық презентация, онлайн тәрбие сағаттары әзірленіп, тәрбие сағаттары биылғы жылдың атаулы мерекелері  Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы, Ұлы ақын Абайдың  туғанынан 175 жылдығымен байланыстырылды.


КОЛЛЕДЖ МАҚТАНЫШТАРЫ

Панфилов аудандық жастар ресурстық орталығының «Еріктілер жылын» қорытындылау аясында өткізген іс-шарада Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледждінің  4 курс студенттері Д.Байсыдықов пен Б.Шакир қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болса, 3 курс студенті А.Айдар қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін үздік танылып, Алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болды.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location