10 Тамыз 2022
263

"Мәдениетті Ана-мәдениетті ұлт!"тақырыбында облыстық Аналар кеңесі семинары өтті

Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай 2021жылдың 29қараша күні Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде "Мәдениетті Ана-мәдениетті ұлт!"тақырыбында облыстық Аналар кеңесі семинары өтті. Семинар мақсаты ұлттық дәстүр мен отбасылық құндылықтарды құрметтеу, қазақстандық патриотизмді және Қазақстан халқының рухани-мәдени бірегейлігін қалыптастыру. Семинарға облыстық Аналар кеңесі төрайымы Н.Баймадиева,"Қоғамдық келісім"КММ-нің медиация кабинеті жетекшісі Б.Чингаева, сондай-ақ Кербұлақ, Сарқан аудандық, Текелі қалалық Аналар кеңесі төрайымдары қатысты. Семинар барысында Аналар кеңесі төрайымдары өз аймақтарындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директоры Б.Саурамбаева колледждегі Аналар мектебінің жұмысы туралы ақпарат бере келе, Тәуелсіздіктің 30жылдығына орай ҚХА Қоғамдық келісім облыстық филиалының жанынан "Достық" Студенттер Ассамблеясы құрылып жатқанын ерекше атап өтті. Семинар соңында қатысушы Аналар Алғыс хаттармен марапатталды. Семинар колледж студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location