05 Қараша 2020
4757

Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу

Латын әліпбиі – өркениет жолы

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі маңыздысы, заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобалардың бірі - қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру қажеттігін атап көрсетіп, «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әдебиетімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады»,-деген болатын. Осыдан бастау алған бағалы бастама қазақ тілінің тазалығы үшін аса қажетті реформа, әлемдік өркениетке ілесу, сондай-ақ ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін қамтамасыз ететін бірегей қадам ретінде көпшілік тарапынан кең қолдау тауып, жүзеге асыру шаралары атқарылуда.Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:«Бүгінде Қазақстан халқы да замана көшінен қалмай, латын графикасына негізделген әліпбиді таңдауға бел буып отыр. Көрші мемлекеттердің көпшілігі латын графикасын таңдады. Әлемдегі ақпараттардың 90 пайызы латын графикасында жарық көреді.Ал ақпаратқа кім иелік етсе, ғылым мен технологияға да сол ие болады.Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі-рухани жаңғырудың ең шешуші кезеңдерінің бірі. Бұл қоғамдық ой мен санаға түпкілікті өзгеріс жасайтын қадам»,-деді. Мемлекет басшысының айтуынша, латын әліпбиіне көшу кезең-кезеңімен жалғаса береді. «Нақты белгіленген кесте бар. Сол жүйеден ауытқымаймыз.Бірақ, қоғамдық пікір,әліпбиді қолдану барысындағы артықшылықтар мен олқылықтар ескеріледі»,-деп,кез келген ұлттың әліпби таңдауы тек жазу үлгісін таңдау емес екенін атап өтті. Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Осы латын әліпбиіне көшу жағдайын, ерекшелігі студенттерге түсіндіру мақсатында колледждің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес қазақ тілі пәні оқытушысы Айжан Хаханқызы «Латыфн әліпбиі- өркениет жолы» атты шеберлік сыныбын өтті.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location