11 Тамыз 2022
268

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік концерт

Жаркент жоғары гуманитарлық –техникалық колледжі, Бастауыш білім беру мамандығы бойынша оқитын 101 топ студенттері топ кураторы Н.С.Асанованың ұйымдастыруымен 5-наурыз күні «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...» атты мерекелік концерт өткізді. 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған концерт колледждің мәжіліс залында өтіп, оған топ ата-аналары, ұстаздар, студенттер шақырылды. Келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ақ тілектерін әнмен, бимен жеткізу мақсатында топ студенттері бар өнерлерін ортаға салып, белсенділік таныта білді. Аталмыш мерекелік шараны Байтуров Жасулан мен Сламғали Жұлдыз бастап, кешті әсерлі жүргізді. Концерт басында топ студенттері, көркемсөз оқу шеберлері Ясын Фариза, Еркін Ақниет, Зинал Айғаным, Байдаулет Айсулулар ақындардың ана туралы өлең жолдарынан көркемсөз оқып, жанды жылытты. Көрермендер назарына Керімбекова Айшаның орындауындағы «Бақытты әйел», Сламғали Жұлдыз бен Қабдунасыр Іңкәрдің орындауындағы «Анамның ақ жаулығы», Нұрдаулет Динараның орындауындағы «Бақытты күй», Байдаулет Айсулудың , Джумагулова Мөлдірдің, Зинал Айғанымның орындауындағы «Ана жаным», Рахмидинов Шахмураттың орындауындағы ұйғыр халқының «Қайда сіз» атты әндері ұсынылды. Сонымен қатар концертте студенттер әр түрлі би билеп, көрерменді тәнті етті. Атап айтқанда, Нұртәліп Гүлина өзбек халқының биін билесе, Акимбек Алтынай «Бақыт құсы», Джумагулова Мөлдір мен Еркін Ақниет «Ақсақ киік» заманауи қазақ биін нақышына келтіріп билеп шықты. Мерекелік шара соңында студенттер «Мама» әнін орындап, аналарына гүл шоқтарын ұсынды. Осылайша мерекелік концерт өз мәресіне жетіп, жоғары деңгейде өткізіліп, көрермендерді қуантты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location