10 Тамыз 2022
259

«Тәу етер, Тәуелсіздік жалғыз кием!» атты колледжішілік интеллектуалды сайыс

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес 403-топ студенттері мен топ жетекшісі Б.Б.Ниетбаеваның ұйымдастыруымен 4-курстар арасында «Тәу етер, Тәуелсіздік жалғыз кием!» атты колледжішілік интеллектуалды сайыс өтті. Бес кезеңнен тұрған сайыста қатысушы топтар еліміздің өткені мен бүгіні жайында өз білімдерін ортаға салды. Барлық кезеңнен жиналған балл бойынша сайыс жеңімпаздары анықталып жүлделі орындармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы: 407-топ командасы «Жас информатиктер» 1-орын, 404-топ командасы «Патриот» 2-орын, 407-топ командасы «Болашақ» 3-орын иеленді.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location