30 Қантар 2021
279

Еңбекпен қамту

2019-2020 оқу жылын аяқтаған  түлектердің жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет

Білімді болу жеткіліксіз, оны өмірлік қажеттілікке сай қолдана білу керек”.

Рене Декарт

 

Қазіргі заман талабының негізгі өлшемі - түлектерді жұмысқа орналастыру    болып табылады.  Жұмысқа орналасу жағдайындағы өзгерістер түлектердің жұмысқа тұруға деген ұмтылыс деңгейінің өсуіне ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушілердің үміткерлерге қоятын талаптарының жоғары болуына байланысты. Қазіргі экономикалық жағдайда еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін, табысты карьераны қалыптастыратын кәсіби, жеке және коммуникативті сапалардың рөлі артып келеді. Жұмыспен қамтудың аймақтық ерекшеліктерініңде алатын ролі ерекше. Еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық сияқты мәселенің пайда болу себептеріне емес, тек жалпы осындай проблеманың бар болуын көрсетеді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында түлектер дағдыларының экономика талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;  педагогтердің кәсіби дамуы және жоғары мәртебесі;      жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту мәселесі де басты назарға алынғандығын ескере кеткеніміз жөн.

Сондықтанда  түлектердің жұмысқа орналасуы күрделі процесс болып табылады, себебі нәтижелі жұмысқа орналасу үшін жеке факторлармен қатар   оқу орында алған кәсіби дайындық та әсер етеді.

  1. Түлектердің жұмысқа орналасуы алған білімнің сапасына, оқу орнының орналасу жеріне, жеке байланыстардың бар болуына, жұмыс берушілердің ұстанымдарына, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты
  2. Түлектер жұмысқа орналасуда мемлекеттік қолдауға қарағанда, өз күштеріне, ресурстарына сүйенеді
  3. Аймақтық және қалалық түлектер арасында оқу орнын аяқтаған сәттен бастап бірінші жұмыс орнына орналасқанға дейінгі жұмыс іздеу мен жұмысқа орналасу ұзақтығы ерекшеленеді

      2019-2020 оқу жылында колледжімізде 184  жас түлек мемлекеттік тапсырыспен бітіріп шықты.  Диплом алғандардың басым бөлігінің   жұмысқа орналасуына әлемдік пандемияның әсері де болды.Соған қарамастан түлектердің басым көпшілігі жұмысқа орналасты. Жылдағы көрсеткішке сүйенсек, жоғары оқу орнына түскен студенттер санының артқандығын байқауға болады. 2017-2018 оқу жылын 282 студент аяқтап, 4 студент жоғары оқу орнына түскен, 2018-2019 оқу жылын 232 студент аяқтап, 18 студент жоғары оқу орнына түссе , 2019-2020 оқу жылындағы 184 студенттің -19 –ы жоғары оқу орнының күндізгі бөліміне оқуға қабылданып отыр. Осыған қарап  жоғары оқу орнына түсуге деген студенттердің қызығушылығының артқандығын байқауға болады. Жоғары оқу орындарының кәсіби бағдар жұмысына бітіруші түлектерді толық қатыстыру, мағлұматтарды дұрыс алуларына, кәсіби білімдерін шыңдауға көмектесу әрқайсымыздың міндетіміз деп білемін.

 Мамандығы бойынша жұмысқа орналасқандар-64, жалпы жұмысқа орналасқандар- 96 түлек. Мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуда  көш бастап тұрған  0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының «0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігінің  404,411 топ түлектері , 0111000 «Негізгі орта білім беру»   мамандығының «0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті» мен «0111093 Информатика мұғалімі» біліктіліктері бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші төменгі деңгейді көрсетеді.

 -0105000  Бастауыш білім беру мамандығы бойынша – 123 студент;

- 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі бойынша – 79 студент;

- 0105033  Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктілігі бойынша -45 студент,;

- 0111000 Негізгі орта білім мамандығы бойынша жалпы – 40студент;

оның ішінде:

  • 0111093 Информатика біліктілігі бойынша -20 студент;
  • 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті біліктілігі бойынша -20 студент;
  • 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша -21 студент.

р/с

Мамандық атауы

барлығы

Жұмысқа орналасты

ЖОО

колледжде

Әскер

қатарында

Шет елге кетті

Бала күтімінде

Жұмыс

сыз

дар

Жалпы саны

Өз мамандығы бойын

1

0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие

және оқыту»

21

12

6

1

0

0

0

2

6

0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

21

12

6

1

0

0

0

2

6

2

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы

123

65

51

12

0

2

0

9

35

0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

79

40

33

6

0

2

0

8

23

010503 3Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

44

27

18

6

0

0

0

1

10

3

0111000 Негізгі орта білім

 

40

19

7

6

0

5

0

0

10

011101 3 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

20

7

5

5

0

1

0

0

7

0111093 Информатика мұғалімі

20

12

2

1

0

4

0

0

3

 

                                       Барлығы:

184

98

64

19

0

7

0

11

49

 

                                       Барлығы:

 

53,6%

34,2%

10,3%

0

3,8%

0

5,9%

28,2%

 

Колледжде  түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды  жоспарға сәйкес жүргізу қолға алынған.

Колледжде  түлектерді жұмысқа орналастыруға байланысты оқытушылар, басшылар,   жұмыс берушілер тарапынан төмендегідей жұмыстар атқарылады:

  1. Cтуденттерге еңбек нарығындағы жағдай және қандай да бір мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу перспективалары туралы ақпарат беру;
  2. Ұйымдар мен кәсіпорындармен серіктестік қарым-қатынас орнату, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды қолдау;
  3. студенттер үшін бос орындар туралы ақпарат жинау жұмыстарын жүргізу;
  4. Топ кураторлары жазбаша (анықтамалар, келуі туралы белгі) және ауызша (телефон арқылы) түлектердің жұмысқа орналасқандығы туралы қадағалап, есеп беріп отыру

Сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуына кедергі келтіретін мәселелерде жоқ емес. Атап  айтсақ түлектердің жұмысқа орналасуға байланысты мәселелері еңбек нарығында жұмыс орындарының аздығымен, жас мамандардың кәсіби және жеке сапаларының қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуімен түсіндіріледі.

 

Атауы Жүктеу
Түлектердің жұмыспен қамтылуы 2020 жаңа

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location