23 Қыркүйек 2019
6035

Кәсіптік бағдар жоспар

 «Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.

Ең қиын мамандық – адам болып қалу» 

                             Хосе Хулиан Марти

         Кәсіптік бағдар беру жұмысы колледждің жылдық жоспарына сәйкес жүргізіледі. 2018-19 оқу жылында Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, бекітілген.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаттары:

  • жеке қасиеттеріне сәйкес, кәсіби қызметті сапалы түрде таңдаған студенттер контингентін қамтамасыз ету;
  • болашақ абитуриенттер ішінен колледжге қабылдау барысында сапалы таңдау жасау;
  • колледждегі мамандықтар мен кәсіптерді дәріптеу, жарнамалау, танымал ету.
  • мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар жүргізілудің жүйесін құру.

Кәсіптік бағдар беру жұмысының бағыттары:

  • Қызығушылыған сәйкес, педагогикалық мамандықтарға жастарды тарту, абитуриенттермен жұмыс жүргізу;
  • Жастарды кәсіби бағдарлаушы ұйымдармен, кәсіби бағдар бойынша орталықпен, жалпы білім беретін мектептермен бірге жұмыс жүргізу.

Кәсіптік бағдарлау іс-шаралары:

  • колледж бойынша экскурсия , ашық есік күнін өткізу;
  • колледж сайтына мамандықтар жайлы қабылдау комиссиясының жұмыс тәртібі жайлы ақпаратты орналастыру;
  • кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша аудандық, қалалық іс-шараларға қатысу;
  • кәсіптік бағдар беру презентацияларын өткізу мақсатында үгіт жүргізуші топтарды жіберу;
  • жарнамалау материалдарын дайындау және басып шығару;
  • теледидарға, БАҚ коллдеж туралы жарнамалық ақпаратты орналастыру;
  • колледжде өткізілетін іс-шараларға (семинар, конференция) мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз ету;

 

Колледж оқытушылары қала мектептеріне бекітіліп, кәсіптік жарнама жүргізу топтары құрылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысын тиімді жүргізу мақсатында мамандықтар бойынша жарнамалық проспектілер, видеоролик және слайдтар, үгіт-насихат топтары даярланды. Оқытушылар Жаркент қаласының мектептерін бітіретін 9,11 сынып түлектерімен кездесіп, колледждегі мамандықтар туралы презентациялар көрсетіліп, оқушылармен түсіндіру жұмыстарын өткізді. «Мамандықты дұрыс таңдауға жол» мамандықтар презентациясы бойынша  іс-шара жоспары құрылып, базалық мектептерде Алтынсарин, Крупская, Х.Хамраев, Б.Назым, Луначарский, №6 орта мектебі, Жамбыл,  Еңбекші орта мектептерінде  ұйымдастырылды.

2019-20 оқуға қабылданатын мамандықтар тізімі:

  1. 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» (қазақ, орыс, ұйғыр) 9-сынып негізінде;
  2. 0105013 «Бастауыш білім беру» 11-сынып негізінде;
  3. 0105033 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» 9-сынып негізінде;
  4. 011109 3 «Информатика мұғалімі» 9, 11 сынып негізінде;
  5. 010101 3 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» 11-сынып негізінде
  6. 010303 3 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі» 9-сынып негізінде
  7. 011101 3 «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» 9-сынып негізінде

Шешім:

  • Кәсіби бағдар жұмыстарын аймақтық мектептерге, басқа аудандарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жандандырылсын;
  • Кәсіби  бағдар бағыты бойынша   Жаркент өңірі, Жетісу газетттеріне, Жетісу телеарнасына және колледж сайтына  ақпараттандыру;
  • Мамандық таңдауға студенттер тобын құра отырып, тарту;

 

 

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location