19 Қыркүйек 2019
2102

ЖАТАҚХАНА ЕРЕЖЕСІ

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, студенттердің жатақханада тұруы тәртібі.

ТжКБ ұйымдарының жатақханаларында демалыс және өзге де бұқаралық іс-шаралар тоқтатыла тұруы, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтілуі тиіс.

 

Тұратындардың ғимаратқа кіруіне және одан шығуына, жатаханаларға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. Жатақханадан шығуға тек оқу сабақтарына қатысу үшін және ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.

 

Жеке байланыстар шектеулі немесе мүмкіндігінше алынып тасталуы керек.Тұрмыстық, жуыну бөлмелеріне және басқа да қоғамдық үй-жайларға бару уақыт бойынша қатаң регламенттелуі тиіс.

 

Дәретхана бөлмелері нақты студенттерге (пайдалану үшін) бекітілуі керек.

Жатақхананың әрбір қабаты оларға құюға арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар жанаспайтын шашыратқыш диспансерлермен немесе механикалық диспенсерлермен жабдықталуы тиіс.

 

Жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасалуы тиіс.

Тұрмыстық қалдықтарды дезинфекциялау, жинау және жою ұйымдастырылуы тиіс.

 

Қашықтықтан оқыту форматында оқу кезінде, ерекше қажеттілік болмаса, жатақханаларда тұратындарға тұрақты тұратын жерлеріне кетуге тыйым салынады.

Білім алушылар қашықтықтан оқыту режимінде жатақханадан уақытша шыққан кезде бұл туралы жатақханадан шығу уақытын, болжамды қайту уақытын және ол жіберілетін орынды көрсете отырып, білім беру ұйымын жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы, хабардар етуі тиіс.

Егер білім алушы кәмелетке толмаған болса, онда білім беру ұйымы мұндай білім алушының жатақханадан шыққаны туралы оның ата-анасын (өзге де заңды өкілдерін) хабардар етеді.

Білім беру ұйымдарына жатақханадан шыққаннан кейін қайтып келген білім алушының денсаулық жағдайына мониторингті оралған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде ұйымдастыру ұсынылады.

 

Жатақханада тұруға қалған білім алушыларға қатысты дене температурасын күнделікті өлшеуді ұйымдастыру ұсынылады. Қажет болған жағдайда білім алушыларды медициналық термометрлермен қамтамасыз ету керек.

Санитарлық эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып,студенттерді жатақханаға орналастыру тәртібі туралы.

2020-2021оқу жылында короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу-тәрбие процесін сапалы ұйымдастыру мақсатында:

Бұйырық

1  Интернет желісі төмен елді-мекен студенттері колледж жатақханасына орналастырылсын

2  Жатақханада қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасалсын;

3 Жатақханада тұратын студенттермен шағын топтарда аптасына 1-рет психологиялық ағарту жұмыстары жүргізілсін;

4 Кезекшілік кестесі жасалып бекітілсін;

Бұл ретте:

1) білім алушылардың бірлесіп тамақтануын болдырмау;

2) дәретханаларда, қолжуатын және жуыну бөлмелерінде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау жүргізу;

3) жалпы пайдалану орындарын қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз ету;

4) тазалаудың жиілігі мен сапасын арттыру (тұтқаларды, басқа беттерді және басқаларды қосымша өңдеу);

5) білім алушылардың жатақханадан кіруі мен шығуын тіркеуді қамтамасыз ету;

6) жатақханада тұруға қалған білім алушылардың дене қызуының көтерілуінің барлық жағдайларын немесе ЖРВИ-дің өзге де белгілерін белгілеуді қамтамасыз ету;

7) жуыну, санитарлық тораптар мен тұрмыстық бөлмелерді үнемі дезинфекциялауды және санитарлық өңдеуді қамтамасыз ету;

8) мүмкіндігінше жатақханаларды медициналық аралауды көздеу, білім алушылардың медицина қызметкерімен өзара байланысын ұйымдастыру, білім алушылар мен жатақхана жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлердің температурасын тексеру, өлшеу;

9) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылауды қамтамасыз ету қажет.



Білім алушылар:

1) өз бөлмелерінде болуға және жатақханадағы басқа бөлмелерге баруды барынша шектеуге;

2) азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда сатып алу үшін шығуды қоспағанда, қоғамдық орындарға барудан бас тартуға, жатақхана аумағынан шығуды шектеуге;

3) жатақхана аумағынан тыс жерде болу уақытын азайтуға;

4) қоғамдық орындарда масканы (респираторды) пайдалануға;

5) ЖРВИ-дің көрінетін белгілері (жөтел, түшкіру, мұрыннан ағу) бар адамдармен жақын байланыста болудан және бір бөлмеде болудан аулақ болуға;

6) көшеден оралғаннан кейін, бөтен адамдармен байланысқаннан кейін қолды сабынмен және сумен мұқият жууға;

7) қолданылатын гаджеттерді, оргтехниканы және басқа да беттерді дезинфекциялауға;

8) жеке гигиена заттарын (сүлгі, тіс щеткасы, ыдыс және басқа) ғана пайдалануға;

9) санитарлық тәртіп пен жауапкершілікті арттыруға жәрдемдесуге;

10) өздері тұратын бөлмелерді үнемі санитарлық тазартуды жүргізуге тиіс.

  1. Білім алушыларға, жатақхана тұрғындарына өзін-өзі оқшаулаудың қатаң тәртібін ұстануға кеңес береміз:
  • Өз бөлмелеріңізде болыңыз, өзге көршілеріңіздің бөлмесіне баруды шектеңіз;
  • бір ғимаратта 4-тен көп адамның жиналуын болдырмаңыз;
  • азық-түлік дүкені мен дәріханаға барудан бөлек, жатақхана территориясынан шығуды шектеңіз;
  • адам көп шоғырланған орындарға бармаңыз, сондай-ақ, қоғамдық көлік пен такси қолданбаған жөн.
  • Жатақханадан тыс жерлерде 1 сағаттан артық уақыт қалмаңыз.

 


ЖАТАҚХАНА ЕРЕЖЕСІ

Жатақхана – жас адамдар тұлғасын қалыптастыруды жалғастыратын орын. Жатақхана шығармашылықпен айналысатын демалыс орны болып және жан-жэақты білім алу үшін өздігінен жұмыс жүргізетін орын болып табылады. Жатақханада адамгершілікке, жеке адамға көңіл аударуға, құрметпен қарауға мол мүмкіншіліктен ашылады.

  Жатақхана тұрғындарының құқықтары мен міндеттері

1 ҚР конститутциясын, Білім туралы заңдарын, құқықтық нормативтік Заң актілерін Мемлекеттік бағдарламаларды және педагогика – психология негіздерін білуі тиіс.

2 Күнделікті тәрбие жұмыстарын жүргізу, студенттердің жеке басының сыйы мен талаптарына жоғары деңгейде ықпал ете отырып, олардың қажеттіліктеріне мұқият көңіл бөлу,олардың жеке бас ерекшеліктерін жан-жақты зерттейді.

3 Бөлмеде тұратын студенттер түрлі мәселелерді дайындайды сыпайы түрде, шешіп, бірін-бірі сыйлауға тиіс. Тәртіпсіздік, қатты сөйлеу, айғайлау, жүгіру,жақсы қылық ережелеріне жатпайды.

4 Жатақхана бойынша көршілермен сыпайы қарым-қатынас болып, сөзімен,ісімен көмектесу қажет.

5 Студенттер жатақхана әкімшілігінің, тех персоналдардың жоспарының еңбектерін сыйлау қажет. Қоғам пайдалы еңбекті адам зат мәдениеті ретінде әрқашан сыйлаған. Әр студент парызы жатақханада тұруға қолайлы жағдаймен қамтамасыз ететіндердің құрметпен қарай отырып, студенттердің өзін-өзі басқару орган әрекетін қалыптастыру.

6 Жатақханада тұратын студенттер бөлмелерін және қоғамдық орындарды таза және санитарлық – гигиеналық нормаға сай ұсталуы қажет. Салақтық-ұқыпсыздық студенттерге жат қылық.

7 Бөлмеге бөтен адамдардың,тіпті ата-аналардың қонуына тиым салынады.

8 Студенттер өз бөлмелерінің эстетикалық рәсімделуіне және көркейтуіне, жиһаздардың сақталуына тұрақты қамқорлық жасауы қажет.

9 Әр студент үйіне,туыстарына кетер алдында жұрналға қайда баратындары туралы,мекен-жайы телефон номері туралы мәлімет қалдыру қажет.

10 Бағалы құжаттарын,маусымдық киімдерін сақтау камерасына өткізу қажет.

11 Студенттер оқу жылының соңында жазғы демалысқа кетер алдында бөлмелерін акт және келсім –шарт бойынша ағымды жөндеуден өткізіп тапсырулары керек.

12 Жатақхана тұру ережесін техника қауіпсіздігін,өрт қауіпсіздігін, асханада, бөлмеде электр құралдарын пайдалану ережелерін қатаң түрде орындайды.

Жатақхан өрт қауіпсіәздігін сақтау мақсатында өрт дабыл құралы орнатылған,әр қабатта өрт шыққан жағдайда бірінші көрген адам өрт-дабылын қосатын қондырғылар, түтіннен жәнеде ыстық леп шыққан жағдайда автоматты түрде дауыстап хабар беру құралы, дыбыс беру құралы орнатылды. Осы жоғарыда көрсетілген техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң түрде сақтау мақсатында техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдар мен келісе отырып колледж директоры бұйрық шығарып, оны орындау колледждің әрбір қызметкерлерін тапсырылған.

                   Студенттердік жатақхананың  кіріп-шығу тәртібі

Студенттік жатақханаға кіріп-шығу тәртібі жүзеге асырылады;

  • Өмір сүрудің тәртібі мен қауіпсіздігі бойынша кезекші вахтерлармен тәулік бойы:
  • Жатақхана әкімшілігінің студенттік жатақханада белгіленген тәртіпті сақтау талабы барлық тұрғындарға бірдей қойылады.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location