28 Ақпан 2022
153

Кәсіби бағдар

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫСТАР

    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

    Жаркент жоғары гумантиралық-техникалық колледжінде мектеп  оқушыларына колледждегі әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін жүйелеу, тереңдету және талапкерлерге қойылатын талаптармен таныстыру, мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беру мақсатында  кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде облыс аудандарының, Панфилов аудынының  мектеп әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізіледі.  Осы бағытта колледж оқытушылары облысымыздың аудан, ауылдарын аралап кәсіби бағдар беру жүргізді. Аудандар бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы, мектеп мұғал імдеріне әдістемелік көмек көрсету әрбір кафедраға бөлініп жүктеледі. Сонымен бірге диплом алдындағы практика барысында әр студент өзі практикадан өткен мекемеде 9-11 сынып оқушыларына өзі оқып жатқан  колледж туралы, дайындалатын мамандықтар жайында толық ақпарат бере отырып, колледжге оқуға шақыру жұмыстарын жүргізеді.  Мектеп оқушыларына 90 жылдан асқан тарихы бар білім ордасының тарихымен, мұражайымен, колледждің жетістіктерімен, студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысының жетістіктерімен, жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталған оқу кабинеттерімен тансытырылды. Колледж дайындайтын мамандық түрлеріне презентация жасалып, толық ақпарат берді.  Мектеп оқушылары сұрақтар қойып, колледжде оқуға өздерінің қызығушылықтарын білдірді.

   Жаркен жоғары гуманитарлық-тхникалық  колледжінің оқытушылары  Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылындаға « Д.Қонаев атындағы орта мектептің» 9-11 сынып оқушыларының ата-аналар жиналысына қатысып, кәсіби бағдар жүргізілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар, сынып жетекшілерімен қатар ата-аналар да қатысты. Көптеген ата-аналар өз балаларының болашақ мамандығын таңдауда баласының білімін, қызығушылығын немесе таңдалған мамандығының еңбек нарығындағы сұранысын ескермей кәсіптік бағыт беретіндігі айтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

View the embedded image gallery online at:
https://zhgtk.kz/kz/2022-02-28-06-01-25#sigFreeId4c88e27cce

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location