08 апреля 2024
215

8 - Наурыз

"Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды", - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, бұл өмірдің мәні де, сәні де аяулы аналарымыз.

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі ерлер бұл күні әйел-аналарға ерекше көңіл бөліп, әйелдер қауымына сый-сыяпат жасап, мәре-сәре болып жатады.

Осыған  орай Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде салтанатты мерекеге байланысты "Сыйынар ем "Ана" деген Тәңірге!"атты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара басында әйелдер қауымына көктем мерекесінің белгісі ретінде гүл шоқтары ұсынылды. Колледжіміздің ер-азаматтары бір кісідей атсалысып, ұйымдасқан түрде отанасы болған Ардақты Аналарымызға,  аяулы жар, ару қыздар қауымына арнап, мерекеге тарту ретінде жоғары деңгейдегі дайындықпен әрі әсерлі кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында, колледж оқытушылары қойылым қойып, бар өнерін ортаға салып, ән айтып, би биледі. Әр жылда бірі-біріне ұқсамайтын ерекше кеш ұйымдастырып жүрген ер-азаматтарға колледжіміздің ару Аналары мен ару қыздары ерекше ықыласпен ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

Комментарии (0)

Пока нет коментариев

Оставьте свой комментарий

Вложения (0 / 3)
Share Your Location