18 Қыркүйек 2019
233

КІТАПХАНА

КІТАПХАНА

Кітапхана колледж  ғимаратының  1-ші қабатында орналасқан.

Кітапхана көлемі 137,9 ш.м  құрайды.  5 компьютер,

4 ноутбукпен  жабдықталған, 40 орындық оқу залы бар.  

 

 

Кітап қорын толықтыру және пайдалану

Бүгінгі күні кітапхананың кітап қоры -33063 дана құрады, оның -15800 данасы мемлекеттік тілде, -17263 данасы орыс тілінде. Электрондық оқулықтар саны – 339 дана.  Кітап қорындағы оқулықтар саны-26886 дана, жалпы білім беру бағытындағы пәндерге арналған кітаптар саны-1179 дана. Оқу әдістемелік құралдар -9000. Студенттерді кітаппен қамтамасыз етуде бір білім алушыға шаққанда 28 бірлікті құрайды.

 

 

Аталған оқу жылы 37 атаулы мерзімдік басылымдарға, соның ішінде-18 түрлі газет, 19 журналға жазылу жүргізілді.

 

Кітапхана қоры   2017-2018  -   30567

                                2018-2019  -   31464

                                2019-2020  -   33063

 

 

Кітапхана қоры жыл сайын жаңартылған бағдарлама бойынша оқулықтармен және электронды оқулықтармен қамтылды. Соның бір айғағы «Мектеп», «Арман ПВ», «Академия-Медия», « Алматыкітап», «НИШ»,“Фолиант”, «Өнер» баспаларынан шыққан кітаптар, электрондық оқулықтармен толықтырылды.

 

 

Оқулықтар  мен оқу-әдістемелік әдебиеттердің саны студенттерге  шаққанда

 

2017-2018

Оқулықтар саны

2018-2019

Оқулықтар саны

2019-2020

Оқулықтар саны

1  білім

алушыға

24390

25287

26886

28

данадан

келеді

 

Жыл сайын кітапханамыз Қазақстандық және Ресейлік газет-журналдар басылымдарына жазылып алып отырады.

2017 ж. – 40 басылым аты // 235616 тг

2018 ж. – 51 басылым аты // 305611 тг

2019 ж. —44 басылым аты //-316000 тг

 

    Оқырмандар

Кітапхана -1230 оқырманға қызмет көрсетеді. Оның ішінде

Білім алушылар саны – 889 оқырман

Сырттай оқу бөлімі студенттері-241

Оқытушылар саны -100  оқырмандарды құрайды.

Кітап беру саны-33210

Оқырмандардың кітапханаға келу саны-22140. 

Күнделікті кітапхананы 70-тен -90 -ға дейін студент, оқытушылар пайдаланады.

 

Көпшілік іс- шаралар

Кітапхананың  жұмыс  жоспарына  сәйкес, олардың  оқуына  басшылық  жасай  келе, қажетті  білім  мен  тәрбие  беру  мақсатында жаңа  ақпараттық мәдениетін (электронды  оқу  құралдарымен жұмыс  жасай білуді) дамытып, мәдени шаралар ұйымдастыру қажет. Соның ішінде, бүгінгі күннің өзекті мәселесі- ұрпаққа тәлімді  тәрбие  беру  үшін  халқымыздың  ғасырлар  бойы  жинақталған  мол тәжірибесіне  сүйене  отырып,  ұлттық  сана-сезімнің  басым  болуы,  оны  меңгеру  үшін  жас  ұрпаққа  халықтық  салт-дәстүрді,  әдебиеті  мен  өнерін  түсіндіру,  жеткізу  керек. Біз, колледж  кітапханашылары, соны  ұрпақ  бойына  тәрбие  арқылы  дарытып, отансүйгіштік  сияқты  құбылыстарды  игерулеріне  ықпал  етіп,  жастарды  адамгершілікке,  еліне,  жеріне, тіліне  деген  мақтаныш  сезіміне тәрбиелейтініміз  анық. Жеке  тұлға қалыптастыруда  саяси,  эстетикалық, адами, мәдени, ғылыми  көзқарасты, өздігінен ойлай білетін интелектуалды оқырмандар  тәрбиелеу. Сондықтан  оқырмандар  сұранысын  қанағаттандырып  қана  қоймай, оның көзқарасын өзгерту, тереңдету  боп табылады. Көпшілік  ақпарат  құралдары және электронды құралдарды пайдалана білу оқығаныңды шығармашылық ойлау  арқылы пайдаға  асыру- шығармашылық оқудың бірден бір құралы. «Ата заң – еліміздің ең қымбат қазынасы» кітап көрмесі, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері» кітап көрмесі, «Тіл мұрасы – халық қазынасы», «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Үш анық» кітабы  бойынша оқырмандар конференциясы, «Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ» кітап көрмесі, «Біз жемқорлыққа қарсымыз» кітап көрмесі, «Менің елім - менің Елбасым» кітап көрмелері өткізілді.

ҚазКСР халық суретшiсi, қылқалам шеберi А.Қастеевтiң туғанына 115 жыл  виртуальды  кітап көрмесі, Мұқағали  Мақатаевқа арналған  «Жырлайды  жүрек» әдеби – сазды  кеш, колледж  психологымен бірлесіп  өткен  «Жақсы   кітап –жан   азығы» пікір  талас, ақын I. Жансүгiровтың туғанына 125 жылдығына арналған поэзия кеші,  «Ұлы  Жеңіс - ұрпаққа  аманат» кітап  көрмесі, «Мемлекеттік  рәміздер – ұлт болашағы» кітап  көрмесі өткізілді.

 

Информатика пән   оқытушыларымен  бірлесіп  өткен  «Электронды ресурстарды пайдалану» вебинар сабақтары  оқытушы  жұмысында интернет-сервистерді қолдану тиімділігі арнайы  пән оқытушыларына пайдалы және  өз сабақтарында қолдануда  жүзеге асыра  алады. «Кәсіпқор»  электронды  кітаптарына  және Республикалық жоғары оқу  орындары  аралық электронды кітапхана /РМЭБ/  жүйесімен   таныстыру  жұмыстары   жүргізілді. Қатысушылар тарапынан пікірлер, ұсыныстар тіркеліп назарға алынды  және   сұрақтарға-жауаптар берілді. Семинар  барысында  білім берудегі әдіс-тәсілдер  көрсетілді.

Студенттер арасында  «Жақсы   кітап –жан   азығы» пікір  талас  жарысы  қызықты  жоғары  деңгейдегі  белсенділікпен  қатысқан  студенттер   қызығушылықтарын  танытты.

Кітапханада кітап мәртебесін көтерумен қатар кітапхана қорын жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық және жергілікті газет-журналдармен  толықтырып отырылады,  және келіп түскен баспасөз басылымдарын насихаттауда  ай сайын шолу өткізіліп отырылады. 

View the embedded image gallery online at:
http://zhgtk.kz/kz/2019-09-16-06-56-21#sigFreeId1d4842c2c3

 

Анықтамалық-библиографиялық жұмыс

Бүгінгі күні кітапхананың басты қызметінің бірі электронды кітап қоры және электронды мәліметтер базасын жинақтау. «Кабис» бағдарламасы бойынша электронды қоры базасы жасақталып, келген жаңа кітаптармен толықтырылуда. 

Бағдарламада оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша анықтама, жаңадан келіп түскен оқулықтар туралы мәлімет алуға болады. Кітапхана қорындағы басылымдар, олардың түрлері бойынша бөлінуі, оқулықтар қозғалысы туралы ақпарат «Жинақталған есеп кітапшасы» бөлімінде беріледі. Кітапханада   «Хабарлама күні» өткізіліп отырылады.

Мақсаты- кітапханаға келген  «Жаңа кітаптармен», баспасөз басылымдармен оқырмандарды таныстыру.

 

 

Кітапхана КАБИС бағдарламасымен жұмыс  істеп  отыр. КАБИС – кітапхана жұмыстарын автоматтандырудың кешенді бағдарламасы. Бұл  бағдарлама  арқылы оқырман  сұранысы  бойынша таңдау, кітаптарды индексациялау, библиографиялық тізімдерді  құрастыру секілді кітапхана жұмысын сапалы әрі тез атқаруға болады. Ақпараттық  технологиялардың даму  қарқыны бүгінгі дүниетанымдылық аясын кеңейтіп отыр . Бүгінгі оқырмандардың талабы да заман  талабына сәйкес өте  жоғары, олардың  сұраныстарын қанағаттандыруға кітапхана қызметі жаңа  деңгейде жауап  беруге барлық жағдай жасап, кітапхана  саласында қолданылып жатқан жаңа  ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет  көрсетудің  жаңа формалары, кітапхана  қорларын  сақтау- бұл  бүгінгі  күннің  талабы. Колледж кітапханасы Республикалық университетаралық электрондық кітапхана /РМЭБ/ жүйесіне қосылған. Оқытушылар мен студенттер электронды оқулықтар мен қажетті тақырыптарды тауып пайдаланып отыр. Осыған орай кітапханада колледж оқытушылары мен студенттерге РМЭБ сайытына  кіріп өздеріне қажетті кітаптарды  ашып  көру, оны көшіріп қалай алу туралы «Электронды  ресурстарды  пайдалану» тақырыбында вебсеминар ұйымдастырылып өткізілді.

       Заман  ағымынан  қалыспай  интернет желісіне, жаңа  технологияны  меңгеру, халыққа  жаңа ақпараттарды  жылдам  жеткізу, оқырмандар сұранысын қанағаттандыру. Заманның тез  өзгеруіне  байланысты күн  өткен  сайын оқырман жаңа  ақпаратты  қажет  етеді. Сондықтан да кітапханалардың алдындағы  міндет: жеке тұлғаны  дамытуға, оның білім  алуына, кәсіби жетілуіне бағытталған ақпаратпен қолма-қол қамтамасыз  ету.

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location