Жаркент жоғары гуманитарлық – техникалық колледжінде 2019 – 2020 оқу жылының 1 қыркүйек Білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ!» атты тәбие сағаттар өткізілді. «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынынан кейін 1-3 курс студенттері мен топ кураторлары алғашқы тәрбие сағаттарын өткізді.
Әр топта өткізілген тәрбие сағаттары барысында «Жастар жылы 2019», «Абайдың туғанына – 175 жыл», Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы тұралы топтық жұмыстар, сұрақ-жауап, видеоролик желісін талдау, мәтінмен жұмыс жүргізілді. Барлық 1 курс студенттерінің ата-аналары, колледждің әкімшілік мүшелері тәрбие сағаттарына қатысты
https://zhgtk.kz/kz/2018-09-21-12-24-32/140-zhastar-zhyly-2019#sigFreeId6585c15ea8