01 Маусым 2020
292

Сапалы білім – болашақ жетістігі

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық

колледж директоры Б.Саурамбаева

 

2020 жылдың 27 мамыр күні Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өткені баршаға мәлім. Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстың күн тәртібі туралы айта келіп, кез-келген мемлекет үшін адами капитал басты өлшемге айналғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның білім саласына бөлетін қаржысы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын айтты. Кеңес мүшелерінің назарын қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты қысқарту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық пен өз-өзіне қол жұмсау проблемасын шешу жөніндегі міндеттерге аударды. Сонымен қатар білім беру саласындағы басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керек екенін баса айта келе, мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруға шақырып, бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажеттігін айтты. Осы орайда Ұлы кемеңгер ақын Абай атамыздың да «Тіл ұстарту» мәселесін бірінші орынға қойғаны ойға оралады:

«Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,

Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ.

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,

 Думан, сауық ойда жоқ, әуел баста-ақ...» деп өзінің өлең жолдарымен   жастарды тілді қадірлеуге сол уақытта  шақырса, Ж.Баласағұн: «Өз тілін,әдебиетін, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болсада, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады» деп айтып кеткен. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізу туралы тапсырмасы, қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік беретіні көңіл қуантатын жайт.Бұл  берілген тапсырамаларын әрі қарай жүзеге асыруда оқытушылар,  болашақ педагогтарға ерекше  міндет жүктеліп отыр.

 Педагогикалық мамандық — қазіргі уақыттағы ең белгілі мамандықтардың бірі, тіпті осы мамандық басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері арнайы ұйымдастырылған мақсатты педагогикалық қызметтің барысында меңгеріледі. Президент Қ.Тоқаев «Педагог мәртебесін қорғау керек. Оларды қоғамдағы ең беделді  тұлғаларға айналдыру қажет. Біз арнайы медаль дайындаймыз, ол педагог еңбегіне арналған мемлекеттік награда болады» деді. Сондай-ақ,болашақ педагогтардың шәкіртақысын көтеру оқытушы мамандығының абыройын көтеріп педгогикалық мамандықтарға нағыз дарынды да, қабілетті жастардың ұмтылуларына жол ашады деп сенеміз. Мемлекет басшысы ұсынған бұл реформалар  білім сапасының жоғарлауы мен педагог мәртебесінің артуына  үлкен мүмкіндік беретіні анық. Бұл бастамаларды әрі қарай насихаттап, жүзеге асыруға үлес қосу әр педаготың парызы деп білемін.  

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location