13 Желтоқсан 2021
353

«Тәуелсіздік-Ата-БАБАМ аңсаған» атты колледж студенттерінің аудан әкімімен кездесу кеші өтті

2021 жылдың 10 желтоқсанында Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-Ата-БАБАМ аңсаған» атты колледж студенттерінің аудан әкімімен кездесу кеші өтті. Жиынға Панфилов ауданының әкімі Т.Өмірәлиев, Жаркент қаласының әкімі Б.Омаров, «Жастар ресурстық орталығының» басшысы М.Ибраймолдаев, аудандық мәслихаттың депутаты, колледж түлегі А.Батырхан, А.Мұсағұлова және ардагер ұстаздар қатысты. колледжінің. Келген қонақтарға колледжде оқытылатын мамандықтар көрмесі, колледждің тарихи экспозиция залы ұсынылып, колледждің бүгінгі жеткен жетістіктері туралы айтылды. Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location