13 Желтоқсан 2021
445

«Ұжымдық мәдениет» тақырыбында колледж оқытушыларымен тренинг өтті

Жаркент жоғары  гуманитарлық-техникалық колледжінде 02 желтоқсан 2021 жылы колледждің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Болашақ стипендиаты, Европада Педагогика ғылымдарының доктаранты, Халықаралық Болашақ бағдарламасы мен Назарбаев стипендиясының иегері, PedAkademia-ның негізін қалаушысы Ибраимов Саят Нұрқасымұлымен «Ұжымдық мәдениет» тақырыбында  колледж оқытушыларымен тренинг өтті. Саят Нұрқасымұлы өз сөзінде ұжымдық мәдениеттің қажеттілігі мен мақсаты, атап айтқанда, әрбір адамның қажеттіліктері мен тілектерін ескеретіндігін, мұндай мәдениетте топтың басқа мүшелерімен қарым-қатынастар мен адамдардың өзара байланысы әр адамның жеке басында басты рөл атқаратындығын атап өтті. Тренинг барысында Саят Нұрқасымұлы ұжым мүшелерімен әр түрлі топтық жұмыстар жүргізіп, бүгінгі педагог мәртебесі туралы пікір алмасты. Колледж директоры Б.Саурамбаева тренинг соңында ментор С.Ибраимовқа ұжым оқытушылары атынан шығармашылық табыс тілеп, Алғыс хатпен марапаттады. 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location