23 Ақпан 2022
347

Отбасы тәрбиесі – қоғамның негізгі бастауы

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін насихаттау арқылы студенттерді Отанды сүюге, құрметтеп, қастерлеуге, өз елін, тегін білуге тәрбиелеу мақсатында ауған-тәжік соғысы ардагерлерімен 2022 жылдың 19 ақпан күні  «Патриоттық – ұлттық рухтың асқақ белгісі»атты патриоттық кездесу өткізілді. Кездесуге қатысушылар  «Жас Сарбаз»әскери-патриоттық клубының жұмысымен танысып, клуб студентерімен сұхбат жүргізілді. Іс-шара барысында ардагерлер 1-2 курс студенттеріне Ауған соғысы мен Тәжік шекарасындағы қақтығыстардың тарихы, әскерге барып, Отан алдындағы борышты өту парызы, өз еліне адал қызмет ету, патриот болудың жауапкершіліктері туралы әңгімелеп, өз естеліктерімен бөлісті. Кездесудестуденттер патриоттық, рухты әндер орындап, өз өнерлерін тарту етті. 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location