29 Қыркүйек 2022
349

Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде 2022-2023 оқу жылының 1 қыркүйек Білім күніне орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты салтанатты жиыны өтті. Іс-шараға 1-2 курс студенттері мен колледж оқытушылары, ата-аналар қатысты. Студенттер мен оқытушыларға колледж директоры Б. Саурамбаева, Панфилов ауданының құрметті азаматы, мемлекеттік "Шапағат" сыйлығың иегері Қ. Ахметқалиева, ардагер ұстаз К. Ештайқызы, 2021-2022 оқу жылының «Үздік оқытушы» номинация жеңімпазы А. Нурбекова өз құттықтауларын, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара барысында студенттер «Томирис» қойылымы көрсетіліп патриоттық әндер шырқалды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К. Курабалдиева 2022-2023 оқу жылындағы колледж директорының оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы бұйрығымен таныстырды. Іс-шара соңында 1 курс студенттері «Алғашқы қоңырау» соғу рәсімін өткізді.

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location