29 Қыркүйек 2022
252

«Мектепке алғашқы қадам» тақырыбында қорытынды конференциясы өтті

«Істейтін ісіңді бұрын мұны сынап көрген, тәжірибелі кісімен ақылдас. Өйткені ол, өзіне қымбатқа түскен нәрселерді саған тегін береді» деген екен данагөй Лұқман Хакім. Тәжірибе адамды шыңдайды.
7-қыркүйек күні Жаркент қаласындағы Ы.Алтынсарин орта мектебі КММ-де «Баланың мектептегі алғашқы күні» іс тәжірибесі бойынша тәжірибеден өткен Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 401-топ машықкерлерінің «Мектепке алғашқы қадам» тақырыбында қорытынды конференциясы өтті . Конференцияда машықкерлер үйренген тәжірибелері мен жасаған диагностикалық жұмыстары туралы есеп берді. Конференцияға 1«А», «Ә», «Б» сыныбының жетекшілері мен директордың оқу-өндірістік істері жөніндегі орынбасары А.К.Жумагельдинова А.К., әдіскерлер Хахан.А, Сатыбалдиева.А.Қ, Каримбаев.Ғ.Қ қатысып, өз ойларын ортаға салды, ұсыныстар мен жақсы пікірлер айтты.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location