29 Қыркүйек 2022
241

01 қыркүйегінен бастап 7 – қыркүйекке дейін Б.Момышұлы атындағы орта мектеп гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» іс-тәжірибесінен өтті.

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің 0105000 "Бастауыш білім беру" біліктілігі бойынша БАҚ 19/405-топ студенттері 2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 7 – қыркүйекке дейін Б.Момышұлы атындағы орта мектеп гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» іс-тәжірибесінен өтті.
Әлемдегі ең танымал жазушылар мен философтардың бірі Лев Толстой "Бiз даналықты үш жолмен үйренемiз: ойлану — ең iзгi жол; елiктеу — ең жеңiл жол; және үшiншi, тәжiрибе жолы — ең ауыр жол."-деген екен. Топ машықкерлері осы тәжірибе жолында бар ынталарын сала отырып, жан-жақты ізденіс барысында өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсете білді. Іс-тәжірибенің аяқталуына байланысты 7-қыркүйек күні "Жаңартылған білім-болашақтың кепілі" атты қорытынды конференция өткізілді. Машықкерлер іс-тәжірибе барысында меңгерген дағдыларымен бөлісті. Конференцияда машықкерлер 1 "А", 1"Ә", 1"Б" сыныптарына жүргізген жұмыстарына талдау жасады. Қорытынды конференцияға колледж әдіскерлері: С.Ж Иргебаева, Э.Н.Саурамбаева, Ш.А Байбураева және Б.Момышұлы мектебінің сынып жетекшілері: А.Ж. Абиева, Г.Т Самылтырова, О.А.Баясиловалар қатысып, өз ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location