20 Қыркүйек 2018
133

Ақпарат

29.01. - 02.02.2024ж. аралығында Жаркент жоғары педагогикалық колледжі “Педагогика, психология” кафедрасының “Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл: “Мағжан педагогикасы және ұлттық тәрбие” апталығы өтуде. Педагогика, психология пәндерінің оқытушысы Уаджитова Р.Н. 204-топпен “Брейн-Ринг” тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізді.


Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің 0140100 "Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 112 топ машықкерлерінің "Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістерін, құралдарын, нысандарын қолдану" практикасы аясында студенттердің ұйымдастыруымен "Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінде" 3 "а" сынып ата-аналарымен "Баланың бос уақытын тиімді пайдалану" тақырыбында 25.01 күні жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында машықкерлер баяндама оқып, ата-аналарға тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды. Қызықты тренингтер мен сергіту сәті жасалынып, арнайы "Сіз қандай ата-анасыз?!" тақырыбында сауалнама алды. Ата-аналар жиналысқа барынша қатысып, өз ойларын ортаға салды. Жиналыс соңында практика әдіскері Н.Асанова мен сынып жетекші Г. Мурумбаева сөз сөйлеп, машықкерлерге алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location