30 Қантар 2021
19395

Педагогикалық практиканы бақылау және қорытындылау

2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында орындалған кәсіптік іс-тәжірибе жұмыстары

 

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттерінің іс-тәжірибесі білімді мамандар дайындауда білім берудің ажырамас бөлігі болып есептелініп, мектептерде, балабақшаларда оқу бағдарламасы мен үрдісіне сай мамандықтарына байланысты іс-тәжірибені өтеді. Болашақ мамандардың тұлға ретінде қалыптасуында педагогикалық іс-тәжірибеден өтудің маңызы өте зор. Оқу орны қабырғасында өткізілген теориялық дайындықтар нәтижесі педагогикалық практика кезінде қолданылады да, оның жетістігі мен кемшілігі айқын көзге түседі. Педагогикалық практика кезінде студенттер оқушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсу арқылы оның жеке дара ерекшеліктері мен қабілеттерін айқындайды, олардың мінез-құлықтарындағы кейбір кемшіліктерді түзетуге ұмтылады, оқушыларды тәрбиелеуге көңіл бөле отырып студент өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, қиындықты жеңуге, сол сәтте кездескен проблемалардың шешімін табуға үйренеді, педагогикалық ойлауы дамиды.

 

2021-2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында жасасқан келісімдер шеңберінде колледж студенттері қаланың мектептері мен балабақшаларында іс-тәжірибеден өтіп, колледжде  алған білімдерін практикада шыңдады.

1 курстар - 2 топ, барлығы 50 студент жалпы 1 курс студенттернің 20 %, 3 курстар - 6 топ, барлығы 142 студент жалпы 3 курс студенттерінің 60 %, 4 курстар - 7 топ, барлығы 180 студент 4 курс студенттерінің 100 %  кәсіби іс-тәжірибеден өтті.

2021 жылдың 1-7 қыркүйек  аралығында 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын  401, 402, 403, 404, 310 топтар  және 0101000- «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқитын  407, 309 топ студенттері  «Баланың мектептегі алғашқы күндері» оқу практикасынан өтті.  Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері – мұғалімнің сабаққа даярлықты ұйымдастыруымен және мазмұнымен, мектептегі сабақтың алғашқы аптасындағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен, әдістемесімен танысу, бірінші күнгі қабылдауды ұйымдастыру және алғашқы күндердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды бақылау. Тәжірибе барысында машықкерлер кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес «Білім» мерекесіне, алғашқы ата-аналар жиналысына, мұғалімнің өткізген барлық сабақтары мен сабақтарды талдауға қатысып, баланың оқуға дайындығы диагностикасын жасады. Машықкерлер оқушылардың жаңа ортаға бейімделуі, педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жүйелеу арқылы педагогикалық біліктерін қалыптастыра алды.

Қыркүйек айының  8-14 аралығында «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша оқитын  401, 402, 403, 404, 310 топтарды, « Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша 407, 309 топтарда байқау практикасына дайындық жұмыстары колледжде жүргізілді.

0111000- «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111093- «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 406 топта, 0111023- «Орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 408 топтарды қыркүйетің 01-08 аралығында байқау практикасына дайындық  дайындық өтті.

Жоспар бойынша, кестеге сәйкес 4-курстарда «Байқау практикасы»  16-қыркүйек –18 қазан аралығында өткен.

«Бастауыш білім беру»  мамандығы, «Бастауыш білім беру мұғалімі»  біліктілігі  бойынша оқитын 401 топ  машықкерлері «Ы. Алтынсарин»  атындағы орта мектепте  толықтай  іс-тәжірибеден өтті.

402 топ  базалық мекеме – «Б.Назым» атындағы орта мектептен іс-тәжірибеден өтті.

«Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 403 топ- базалық мекеме - «Ы.Алтынсарин» атындағы орта мектеп  және №6 орта мектептерінен, 404 топ машықкерлері «Б.Момышұлы» атындағы орта мектептен толығымен іс-тәжірибеден өтті.

0111000- «Негізгі орта білім беру» мамандығы, 0111093- «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 406 топ машықкерлері «Ш.Уалиханов» атындағы орта мектепте және «Ы.Алтынсарин» атындағы орта мектептерде , 0111023- «Орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 408 топ машықкерлері «Б.Момышұлы» атындағы орта мектептерде байқау іс-тәжірибесінен өтті.

4 курс бітіруші  топ студенттері жоспар бойынша, кестеге сәйкес байқау және бақылау іс – тәжірибелеріне барып, қортындысы бойынша конференциялар  өткізіп, колледждің ресми сайтына және әлеуметтік желілеріне жүктелді.

«Бастауыш білім беру» мамандығы, «Бастауыш блім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 401 топ  студенттері өткен іс-тәжірибесінің қорытындысы бойынша өткен іс-шараның ұйымдастыру кезеңі «Әуе шары» әдісі арқылы басталды. Студенттер тарапынан бір-біріне сұрақ қойылып, жауап берілді. «Модуль идеялары» деп аталған алғашқы турда әр топ 1 модульден таңдап, слайд арқылы тақырыптарының  мағынасын ашып, қорғап шықты. «Бәрі өз қолында» кезекті турда топтар үй жұмысына берілген тақырыпқа жасаған жоспарлары мен слайдтарын қорғап, сабақ барысынан үзінді көрсетіп өтті. Келесі кезекте «Пікір айтамын» айдары арқылы топ машықкерлері жалпы іс-тәжірибе барысымен бөлісіп, өз ойларын, ұсыныстарын жеткізді.

   

402 топ машықкерлері  «Мақсатқа бір қадам» тақырыбында конференция өтті. Әр-бір машықкердің аталған практика  бойынша «портфолиосы» жинақталып, көрмеге қойылды. Бейне роликтер және фото материалдардан жасалған  презентациялар арқылы өткізілген  сабақтарға  есептер берілді.

«Бастауыш білім беру» мамандығы, «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 403-топ студенттерінің  «Тәжірибе – кәсіби білім бастауы» тақырыбындағы конференциясында «Ағылшын тілі» пәнінен өткен сабақтарының қорытындысы бойынша машықкерлер «Leaders», «Next generation», «Жасstart» топтарға бөлініп есеп берді.

404 топ студенттерінің «Уверенными шагами в будущее» атты қорытынды конференциясында  әдіскерлер студенттердің ағылшын тілі, орыс тілі мен  әдебиеті пәндерінен өткен сабақтарының қорытындысы, сондай-ақ сыныптан тыс жұмыс бойынша  есептерімен таныстырды. Студенттер өткен тәжірибе бойынша өз пікірлерімен алмаса отырып, «онлайн» және «офлайн» оқыту кезінде іс тәжірибе барысын  салыстыру,  «онлайн» оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мәселелерді қозғады.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімі біліктілігі бойынша оқитын 408 топ студенттерінің «Рациональность использавния активных методов и примеров в процессе современного содержания образования» тақырыбында өткен конференциясында машықкерлер  сабақтың мақсаты, критерийі, ұйымдастырудың тиімді жолдарын, сабақтың тақырыбын анықтау, ортасында қолданатын әдістер туралы, «Бағалау тәсілдері», «Кері байланыс»    туралы іс- тәжірибеде алған тәжірибелерімен  бөлісті. Іс тәжірибенің басым жақтары, әлсіз тұстарын ортаға салып, зерттеу жұмыстары және бақылау қорытындалымен  бөлісті. Әр әдіскер мен машықкерлер өз ойларын айтып, кейбір мәселелер талқыға салынып, кері байланыс орнатылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша оқитын 309 және 407 топ студенттері « Таңшолпан» және «Алтын ұя» балабақшасында іс-тәжірибеден өтті. Балабақшадағы оқыту мен тәрбиеленудің үлгілік бағдарламасының мазмұны мен принципіне сүйене отырып тәрбиеші мен әдіскердің көмегімен жеке жоспар құрастыра білді. Машықкерлер іс-тәжірибе жоспары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін, режимдік сәттердің өткізілуі, талдау күнделігі, сабақтың талдау үлгілеріне талдау жасап, өткізілу барысын бақылады. Технология карта, циклограммалық индикаторлардың толтырылу, құрастыру жолдарын жоспарлай білді.

 

407 топ машықкерлері «Тәрбиешінің  дербес іс-әрекеті» іс-тәжірибесінің қорытындысында  «Талантты тәрбиеші-талапты бала» тақырыбында конференция өтті.  Кәсіптік тәжірибенің міндеттерін орындауда  машықкерлер мектепке  дейінгі  ұйымдардың  бағдарламаларының мазмұнына, мақсат-міндеттеріне сай жұмыс түрлерін ұйымдастырып өткізді. Машықкерлер балабақшада жүргізілетін құжаттар мектепке  дейінгі тәрбиелеу және оқыту мемлекеттік стандартында белгіленген әрекеттерге сәйкес жүргізілу, салыстыру, динамикалық бақылау жасауда әзірлемелрді даярлау бойынша құжаттар демонстрациясын  жасады. «Таңшолпан» және «Алтын ұя» іс-тәжірибе базаларында жұмыс циклограммасына сәйкес өткізілген барлық білім салалары бойынша жүргізілген  оқу қызметтері, режимдік  сәттер, тәрбиелік шаралар  4-К моделі бойынша креативті, коммуникативті, сыни ойлайтын, әріптестік жұмыс атқара алатын мамандар даярлауда STEM оқу-инновациялық әдістемесін және құрал жабдықтарын барлық оқу қызметтерінде қолдану  дағдыларын  көрсетті. Әлеуметтік серіктестердің талабына сай машықкерлердің қанағаттандыру  индексін көтеруде сапалы қызмет  көрсету кәсіптік іс-тәжірибенің басты приоритеті болғандықтан конференция барысында машықкерлер  білім-білік дағдыларын кәсіби құзыреттер арқылы көрсетті.

3 курстар бойынша 305, 306, 307, 308 топтар  жоспар бойынша, кестеге сәйкес белгіленген мектеп базаларында  «байқау» және «таңдау» іс-тәжірибесінен өтті. Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, машықкерлер әр сабақтарында жаңа технология элементтерін, жаңартылған білім беру мазмұнының әдіс-тәсілдерін, ойын әдіс-тәсілдерін,  кері байланысты түрлі жолдармен көрсете білді. Сонымен бірге, кемшіліктер де кездесті. Студенттердің сабақта әлі де сыныпты ұйымдастыру және тәртіпті орнатуда, барлық оқушылардың білімін бақылау, жетекші сұрақтар қоя білу, уақытты тиімді пайдалануда қиналатыны байқалды.

«Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы, «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 110 топ машықкерлері «Сыныптан тыс жұмыс технологиясы» практикасын «Ы.Алтынсарин» орта мектебінде,  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту»  мамандығы, 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» біліктілі бойынша оқитын 109 топта машықкерлер «байқау және бақылау» іс тәжірибесін «Таңшолпан» балабақшасында өтті.

 

Бітіруші 401, 402, 403, 404, 407, 408 топтарда дипломалды практикасына дайындық 22 -28 желтоқсан аралығында жүргізілді. Студенттерге дипломалды практикасының мақсат, міндеттері толық түсіндірілді. Әдіскерлер студенттердің жолдамасын толтырып, студенттердің дипломалды іс-тәжірибені қайда өтетіні туралы мәліметтерді жинақтап өткізді.

 


2020-2021 оқу жылының бірінші жартыжылдығында орындалған кәсіптік іс-тәжірибе жұмыстарының есебі

 

Педагогикалық практика болашақ  мамандарды кәсіби даярлауда басты рөл атқарады. Ол студенттердің педагогикалық қызмет түрлерін тәжірибеде қолдануына бағытталып, оларды шығармашылық және педагогикалық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді.   Педагогикалық практика барысында студенттердің теориялық, дәріс алу кезінде алған білімдері нақтыланып, оқу-тәрбиелік тапсырмаларды орындау кезінде педагогикалық-психологиялық және арнаулы білім одан әрі тереңдетіле түседі. Студент практиканттарға мектеп өміріндегі оқу-тәрбие жұмыстарымен танысу, оқушылармен сабақ жүргізу кезінде мұғалімдік қасеиттердің қыр-сырын түсінуге мүмкіндік беретінін ескерсек, осы жолғы іс-тәжірибені  қашықтықтан өту барысында әр  баланың қасында отырған ата-ана барын естен шығармай мұқият болуларына, педагогикалық этиканы сақтауға, дұрыс қарым-қатынас жасауға баса назар аударылу керектігі ескерілді.

Болашақ мамандардың педагогикалық шығармашылыққа, педагогикалық мәдениеттің негіздерін меңгеруге дайындығын қалыптастыру көбіне колледж бен жалпы білім беретін мектеп оқытушыларының мақсатты және бірлескен жұмысы арқылы іске асатынын атап өтуге болады. Сондықтан да педагогикалық практиканың негізгі міндеттерін көрсете отырып, практика түрлерінің оқу жоспарына сай сапалы ұйымдастырылуы мен жүргізілуіне  колледж тарапынан  жұмыстар ұйымдастырылды.

2020-2021 оқу жылының іс-тәжірибе жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінде елімізде қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты республикадағы оқу орындарының 2020-2021  оқу жылын қашықтық форматта  оқытуына байланысты    біздің іс-тәжірибемізде кестеге сәйкес қашықтықтан немесе штаттық оқу түрінен және   әр студенттің тұрғылықты мекен-жайларынан өтуге рұқсат беріліп ұйымдастырылды.

Жалпы  6 –оқу практикасы, 3-педагогикалық практика, 2- өндірістік  практика түрі жүргізіліп, 50-ге жуық әдіскерлермен жұмыстар атқарылды.

Алдымен 2019-2020 оқу жылының ауыстырылған іс-тәжірибелері жүргізілді. Осы іс-тәжірибелерді жүргізу барысында айтарлықтай кемшіліктер болды. Платонус платформасын меңгеру кезінде кейбір әдіскерлерге қиындықтар туғызып, уақтысында тапсырмалар жүктелген жоқ. Кейбір топтар бос қалды, ол әдіскерлерге ескертулер дер кезінде  жасалынды.

0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 401,402,403,404,410,407,409 топ білім алушылары 01-07 қыркүйек аралығында  «Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері – мұғалімнің сабаққа даярлықты ұйымдастыруымен және мазмұнымен, мектептегі сабақтың алғашқы аптасындағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен, әдістемесімен танысу, бірінші күнгі қабылдауды ұйымдастыру және алғашқы күндердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды бақылау.

Тәжірибе барысында машықкерлер кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес «Білім» мерекесіне, алғашқы ата-аналар жиналысына, мұғалімнің өткізген барлық сабақтары мен сабақтарды талдауға  қатысты.Бұл практика өту барысында да қиындықтар болды. Студенттер балалармен тікелей қарым-қатынасқа түсе алмады, өздеріне тиісті жұмыстарды атқаруға кедергілер туындап отырды.

Практика соңында ZOOM программасы арқылы конференциялар ұйымдастырылды. 410 –топ бойынша ұйымдастырылған конференцияға қатыспаған әдіскерлерде бар. Омарова Д., 402 –топ әдіскерлері конференцияны ұйымдастырған жоқ. 

Кемшіліктер: Осы практикаға қатыспаған студенттер: 403 топ студенті Қасымхан Арсен, 402 топ студенті Сайлау Бекзат, Хасенғазиева Камшат

Байқау практикасына дайындық 401,402,403,404,405,406,410, 301,302,303,304,306,307,308 топтарда Платонус платформасы арқылы жүргізілді. Әдіскерлер тапсырмаларды жүктеп отырды.

«Бастауыш білім беру» мамандықтары бойынша  401,402,403,404, топтарда кестеге сәйкес 15қырқүйек-19қазан, 410 топта 15қыркүйек-12қазан, «Негізгі орта білім» мамандығы «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» біліктілігінде 08 қыркүйек-12қазан, «Информатика мұғалімі» біліктілігі үшін 15қыркүйек-19қазан аралықтарында  «Байқау практикасы»   жүргізілді. Іс- тәжірибе қашықтықтан және штаттық түрде ұйымдастырылды. Басты студенттер қашықтықтан өтті.  Колледж бойынша штаттық түрде  өткен машықкерлер санаулы болды. Олар 401 топ студенттері Кенжеғалиева Айнұр, Тұрғанбек Балжан, Васильева Адэлина, 410 топ студенті Үрісбай Айсұлу.

Практиканың өтілу барысына тоқталып өтсек:

Әдіскерлер Г.Ашимбекова, А.Сатыбалдиева, Ә.Шәріпбаева, А.Жүнісова, А.Нурбекованың платонус арқылы  салынған материалдарының құндылығы, жүйелілігін ерекше атап өтуге болады. Студенттерден келген материалдары үнемі тексеріліп, бағаланып отырылды. Әдіскерлер ватсап желісі, ZOOM  арқылы машықкерлерге кеңестер беріп, барынша көмектесуге тырысты. Сабақ өтілген соң платонусқа материалдардың толық салынуы талап етілді.  Іс-тәжірибе соңында электронды портфолиолар жинақталды.

401 топ студенттері Тұрғанбек Балжан,Кенжағалиева Айнур, Есенберді Гүлданалардың Шарипбаева Асем Тұрдыкеқызы мен Әшімбекова Гүлжан Нұрақынқызының нұсқаулығымен  видеосабақтары түсіріліп, сілтемелері ютуб каналға жүктелді.

Осы практика түрін талапқа сай өтпеген студенттер де кездесті. 403 –топ студенттері Көшербай Қайсар, Қасымхан Арсен, 402 –топ студенттері Хасенғазиева Камшат, Сайлау Бекзат, Абдулда Жасұлан, Айтқожаева Ақбота

406 -топ   студенті Аблекеев Рамзат. Аблекеев Рамзатты шақырып сөйлесіп, оқудан шығару туралы ұсыныста айтылды.

Практика соңында топтармен жеке-жеке конференциялар ұйымдастырылды. Әр топтан қатысқан машықкерлер саны мен әдіскерлер есепке алынды. Бұл жерде жетекшілер әсіресе 406 –топ жетекшісі Ә.Келмухамбетованың ұйымдастырылумен өткізілген «Білім берудегі жаңашылдық, өзгеріс, әдіс-тәсілдердің тиімділігі» атты іс-тәжірибе бойынша байқау практикасының қорытынды конференциясы жоғары дәрежеде өтілді. Әр әдіскер мен машықкерлер өз ойларын айтып, кейбір мәселелер талқыға салынып, кері байланыс орнатылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының «Байқау және бақылау» іс-тәжірибелері  407 топта 15қыркүйек-26қазан, 409 –топта 15қыркүйек-12 қазан аралықтарында жүргізілді. Бұл іс-тәжірибе бойынша да қашықтықтан және штаттық түрде өтілді. Ал 409 –топта 13қазан-9 қараша аралығындағы   өндірістік іс-тәжірибеде студенттер балабақшада  өтті. 307 топ студенттерімен ұйымдастырылған «Байқау және бақылау» іс-тәжірибесі 10 қараша-14 желтоқсан аралығында «Таңшолпан» балалар бақшасында өтті. Әдіскерлер А.Махметова, Г.Маули, М.Теңізбаева. Барлығы 28-студент, 2-студент Алматы қаласында, 2студент – тұрғылықты мекен-жайларында Еңбекші,  Тұрпан ауылдарында өтті.1- студент Шотынбек Жайдарлым мүлдем іс-тәжірибеден өтпеді. Практика соңындағы әдіскерлердің ұйымдастырумен «Жас ерекшелік топтарындағы тәрбиешінің іс-әрекеті» деген тақырыпта конференция өз дәрежесінде өтілді. Алдын-ала конференция бағдарламасы бекітіліп, студенттердің білім беру салалары бойынша сабақтары мен ұйымдастырылған оқу қызметтерін көрсетті. Әдіскер А.Махметованың басшылығымен   «Таңшолпан» балабақшасындағы орыс топтарында да машықкерлер іс-тәжірибелерін өз деңгейінде өткізді.

3-курс  301,302,303,304,306,308 топтарындағы «Байқау» практикасы  17 қараша-14 желтоқсан аралығында жүргізілді. Әр жетекші өз тобының кестесін құрып, машықкерлердің сабақ өтуін қадағалап отырды.  

Машықкерлер әр сабақтарында қашықтықтан өтудің жаңа  элементтерін пайдалануды үйреніп, өздерінің пәнге деген қызығушылықтарын көрсете білді.

Іс-тәжірибенің сапалы өтуіне өз үлестерін қосқан тәжірибелі әдіскерлер Г.Әшімбекова, А.Джумабаева,А.Хахан, Р.Уаджитова, А.Жунусова, Б.Ниетбаева, А.Даулетбақовалардың еңбегі зор екендігін  айта кетуге болады.

Іс-тәжірибе барысында байқау практикасын өтпеген студенттер де болды.

301 –топ студенттері Қуанышұлы Диас, Данлубаев Бақжан, Қалиасқар Қанат

302 –топ студенті

304 –топ студенттері Ибрагимов Ильяр, Каримова Айша

308 топ Мухаметова Нигара

301 –топ машықкерлері мен әдіскерлерін ұйымдастырған жетекшілік атқарған Е.Исаевтың , 302-топ жетекшісі Р.Уаджитованың  «Жаңартылған білім-жаңашылдық» атты конференциялары да жоғары деңгейде өтті.

Сыныптан тыс жұмыс технологиясына дайындық – 205,208,206,210 топтарда жүргізілді. 36 –сағаттық дайындық  практикасы платонус арқылы тапсырмалар берілді.

Дипломалды практикасына дайындық практикасы 401,402,403,404,407,409 топтарда 22 -28 желтоқсан аралығында жүргізілді. Студенттерге дипломалды практикасының мақсат, міндеттері толық түсіндірілді. Әдіскерлер студенттердің жолдамасын толтырып, келісім шарттарды электронды почталарына жіберіп, студенттердің қайда өтетіні туралы мәліметтерді жинақтап өткізді.

«Туризм»  мамандығы бойынша 411-топта «Технологиялық практика» және «Стажировка» деп аталатын дипломалды іс-тәжірибеден өтті. Жалпы сағат саны – 270 сағат.

Бағдарлама бойынша  екі маршрут ұйымдастырылды. Бірінші маршрут  қыркүйек айында Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тур ұйымдастырып,  Жаркент-Түрген-Есік мұражайы-Есік көлі маршруты бойынша саяхат ұйымдастырылды. Алдын-ала тур маршруты сызылып, топтық азық-түлік тізімі түзілді. Турдың мақсаты-  Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің объектілерімен танысу.  Студенттер Түрген шатқалында Аюлы , Қайрақ сарқырамаларына экскурсия жасады, Есік қаласындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайында болды және Есік шатқалында, теңіз деңгейінен 1759 м биіктікте орналасқан көлге саяхат жасады. Дала жағдайында тамақтанып, түнеу ұйымдастырылды.

Екінші маршрут ауданымыздың Сарыбел тауында ұйымдастырылды.

Студенттер технологиялық практиканы өткеннен кейін меңгерді:

  • туризм аясындағы заңдылықтарды;
  • халықаралық туризм түрлерінің топтастырылуын;
  • Қазақстан Республикасындағы туризм нысандарын;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың топтастырылуын;
  • карталар және схемаларды қолдану қағидаларын;
  • жергілікті жерді бағдарлау әдістерін;
  • туристік құралдардың түрлерін және оған қойылатын талаптарын;
  • экскурсия және экскурсиялық нысандардың топтастырылуын

2020-2021 оқу жылын 20- 30желтоқсан аралығында іс-тәжірибе бойынша ұйымдастырылған «Мамандығым-мақтанышым» атты онкүндік іс-шарасы өтілді. Онкүндікке барлық  әдіскерлер қатыстырылды.

Алғашқы 5- күндікте «Мамандығым-мақтанышым» атты 5 –турдан тұратын сайыс ұйымдастырылып, жауапты әдіскерлер бекітілді. Өз ісіне жауапкершілікпен  ат салысқан әдіскерлер М.Тохтахунов, К.Жумалиева.

25 желтоқсан күні колледж психологы 4- курс студенттерімен тренинг өткізді.Сонымен қатар дипломалды іс-тәжірибеден қалай өту керек деген сұраққа көп мәліметтер берілді.

3 –курс студенттерімен 28 желтоқсан күні әдіскер Т.Оспанованың «Қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері» деген тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстелі талапқа сай  ZOOM программасы өтілді.

29 желтоқсан күні Е.Исаевтың «Тәжірибелі әдіскерлер мен жас мамандар арасындағы байланыс» тақырыбындағы мастер классқа тәжірибелі әдіскерлеріміз Р.Исламова, А.Жунусова, Г.Әшімбекова, А.Шәріпбаевалар қатысып өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысқан жас мамандардың сұрақтарына жауап беріп, іс-тәжірибені нәтижелі жүргізудің қыр сырын айтып өтті. Дегенменде бұндай іс-шараларға жас мамандардың толық қатыспауы, тәжірибе алмасуға қызығушылық танытпаулары орын алды.  

20 қаңтар күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты білім беру бағдарламаларының оқытушылары ұйымдастырған   «Талапкер -2021» атты ашық есікке колледж түлектері қатысты. Институт оқытушылары мен қызметкерлері түлектерді қызықтырған барлық сауалдарға жауаптар беріп, толық мәліметтер алынды. Тағы бір айта кететін мәселе кейбір топ кураторлары алдын-ала ескертілген болса да   студенттердің толық қатысуын қамтамасыз етпеді.

Ұсыныстар:

  • Әдіскерлер мен машықкерлер арасындағы өзара семинарлар мен конкурстарды жиі ұйымдастыру;
  • Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асыру.
  • Барлық іс-тәжірибе түрлерінің бағалануы, машықкерлердің жауапкершілігін арттыру, толық іс-тәжірибеге қатысуын қамтамасыз ету

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location