26 Ақпан 2019
2672

БАЛАБАҚШАДАҒЫ БАЙҚАУ САБАҚТАРЫ

0108000 «Музыкалық білім беру» 0108013 «Мектепке дейінгі ұйымдардағы және негізгі орта білім берудің музыка пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша «Балабақшадағы байқау сабақтары» практикасы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, МКҚК «Таңшолпан» балабақшасында жүргізілуде.Студенттер болашақ педагог ретінде практика барысында мекеменің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен танысып, балабақша туралы мәліметтер жинақтады. Балабақша музыка жетекшілері – Құлжабеков Даулет, Абылқасымов Ильяс, 2015 жылғы колледж түлектері, студенттерге жетекшілік етуде. Онда, студенттер музыка жетекшісінің әр сабағын қызығушылықпен бақылап, қалай сабақ өту керектігі жайлы көп ақпарат жинақтап, балалардың сабаққа қызығушылығын арттыру әдістерін бақылайды. Колледжден практика жетекшісі Жұмалиева Күлімхан Өсербайқызы педагогтық мамандыққа деген құштарлық, сүйіспеншілік пен қызығушылықты дамытуда көп үлес қосуда.

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location