26 Ақпан 2019
1590

"КИЕЛІ ЖЕРДІҢ - КИЕЛІ ӘНШІСІ" ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

"Музыкалық білім беру" мамандығының оқытушысы Жумалиева Күлімхан Өсербайқызының "Рухани жаңғыру" аясында "Киелі жердің - киелі әншісі" тақырыбында Дәнеш Рақышевтің қызы Гүлнар Дәнешқызы Рақышева және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, кенже шәкірті, Т.Жүргенов атындағы академияның доценті, 100 Жаңа есімнің иегері Нұржан Қабимолдаұлы Жанпейісовпен кездесу өткізді.

 

Сабақтың тақырыбы:   Киелі жердің - киелі әншісі

 

Сабақтың мақсаты: Халық қадірлеп, ардақ тұтқан өнердің шебер иесі Дәнеш Рақышевтің мол мұрасын болашаққа дәріптеу, тағзым етіп, халықтың есінде мәңгілікке қалдырып, жаңғырту.

 

Сабақтың түрі: Кездесу

 

Қолданылатын әдістер: Сұхбаттасу,тыңдау, сұрақ-жауап.

 

Көрнекіліктер: Cлайд, техникалық құралдар

 

Пәнаралық байланыс:Тарих, әдебиет,музыка.

 

Ұйымдастыру кезеңі

         Жер ұйығы саналатын Жетісу жері, оның бір пұшпағы, тарихы сонау қадым заманнан бастау алатын, әйгілі Жібек жолының үстінде жатқан Жаркент өңірі де таланттардан кенде болып қалған емес.

         Халық қадірлеп, ардақ тұтқан, өнердің қас шебер иелері шыққан киелі топырақтан   жезтаңдай әнші, Қазақстанның халық әртісі – Дәнеш атамыз дүниеге келген.

Дәнеш Рақышевтың - есімін, оның қоңыраулата салған қоңыр әуенін, сыбызғы үнін білмейтіндер кемде-кем.

         Жетісуды, барша республика аймағын әсем әндерімен тербеп өткен Дәкеңнің мол мұрасы – бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың еншісінде. Талантқа тағзым етіп, оның рухымен жігерлену – өнер сүйген халықтың абыройлы борышы.

         Қазақта ән де,сазгер де көп. Бірақ оның барлығы бірдей халық есінде мәңгілік қалып, жаңарып, биіктей бермейді. Тек өзіндік өрнегі, қайталанбас жолы,үні бар, халықтық өнердің асыл жауһарларын тере білгендері, ән – жырымен әлдилегендер ғана ұрпақтан-ұрпаққа жалғаспақ, халық қадірлісіне айналмақ.Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Естай ақын және басқаларының жолын жалғастырған бүгінгі Дәнеш ағамыз осындай тұлға. Дәнеш аға өзіндік нақышымен, өзіндік мектеп қалыптастырған, ел есінде қалған, киелі жердің - киелі әншісі.

Қазақтың дүлдүлдерінің бірі Әсет Найманбайұлының мектебінен Қатбек, Қадырихан, Мәмет сияқты әнші , сал-серілердің өнерімен сусындап өскен Дәнеш атамыз өнер әлемінде өз өрнегін сала білген әнші. Дәнеш ағамыз осынау ұлы әншілердің туындыларындағы қайталанбас қазақи бояуларын жаңғырта, қанықтыра, жарқырата отырып, ән өнеріне жаңаша леп алып келді. Оны бүгінгі ұрпақ бойына сіңіре білді.

Дәнеш Рақышев (1926-1992) - әнші, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ән айту мен домбырада ойнауды ата-анасынан үйренеді. Оның әкесі - әнші, домбырашы, сырнайшы болған. Д.Рақышев әнші ақындар Әсет, Шашубаймен кездесіп, Шығыс Түркістандық жас қазақ әншілерінің сайысына қатысып, өз өнерін шыңдайды. Құлжадағы ұйғыр-қазақ драма театрында жұмыс істей жүріп, Б.Майлиннің "Шұға" спектакльдеріндегі Әбдірахман, М.Әуезовтың "Еңлік-Кебегіндегі", Жапал, Қалқаманның бейнелерін жасады. 1959 жылы Қазақстанға келген соң Талдықорған халық театрына басшылық жасайды. 1968 жылдан Талдықорған облыстық филармониясының солисі. Оның репертуарында қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар әндері бар. М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Оның репертуарында Үкілі Ыбырайдың "Аңшының әні", Әсеттің "Ардақ", "Мақпал", "Атым Әсет", "Қысмет", "Аха-ау, жалған", "Жайқоңыр" әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері болған. ."Шаттық толқыны", "Мақтанышты елім бар", "Жас қайрат", "Жер сұлуы Жетісу", "Комсомол", "Саясында алманың", "Жеңеше", "Туған жер", "Алматым", т.б. әндерін шығарған.

 

Таңсәуле Еркінқызы:

 

Ән өнерінің ақберені

Әннің де естісі бар, есері бар,

Үніне тұратұғын төселіп ар.

Жаз даусы, қоңыр қазбен үндесетін,

Әр сөз салмағынан еселі нар.

Сен салған «Сарыбидайдың» үні қандай,

Аңсаған жан дамылдап, тынығардай.

Әз үнің кең даланы еске салып,

Үнінен аққу көлде шомылардай.

Қандырып қалың елдің құлақ үнін,

Сен өмір сүретіндей тура бүгін.

Дәнеш атың ешқашан өшпейді аға,

Өзіңдей ел ұмытпас жыр алыбын.

Дегендесененқалғансазым барда,

Жалғасқан болашаққа назың барда.

Әндеріңқазағыңамұраболып,

Бұлбұлдар жетелейді өзіңді алға. – деп жас ақындар жырлайды.

 

Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру – мемлекеттің тірегі, халықтың жүрегі» атты мәдени іс-шара аясында «Киелі жердің - киелі әншісі» тақырыбында кездесу сабағы өткізілді. Кездесуді Жаркент гуманитарлық-техникалық колледждің директоры Сара Нұрғалыққызы Темірбаева ханым ашты,Сара Нұрғалыққызы жастарға үлгі болатындай ұлтымыздың кенжелеп бара жатқан төл өнеріміз туралы айта келе болашақ ұрпаққа дәстүрлі әніміздің сонау Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, т.б.халық әншілерінің ізін жалғаған Дәнеш атамыз туралы ой қозғап, дәстүрдің жалғастығы осы деп Дәнеш ағамыздың қызы Гүлнәр Дәнеш қызы мен Дәнеш ағамыздың кенже шәкірті Нұржан Хабимолдаұлы Жанпейісовтардың бүгінгі кездесу кешіміздің қадірлі қонақтары екенін атап өтті.

Әнші Нұржан Жанпейісовтің бала кезінен басталған өнері көз алдымызда. «Нұр­жан­­ның дауысын естіген Дәнеш: «Жас­­тық шағым қайта оралыпты. Дау­­сыңнан айналайын!», – деп ба­та­­сын беріпті», «жазушы Бексұлтан Нұр­­жекеев: «Нұржан – Дәнеш ән­ші­нің кенже қозысы, өзі айтқан ән­­дерін түгел үйретіп, аманаттап кет­­кен ең соңғы шәкірті», – деп ба­­­ға­лап­ты», «Десе, дегендей, Дәнеш әні­­­нің бүкіл қайырымын, иірімін Нұржан баламыздың бойынан табуға болады. 
Бүгін бізде қонақта Дәнеш ағамыздың қызы Гүлнар Дәнешқызы Рақышева және Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Дәнеш ағамыздың кенже шәкірті,Т.Жүргенов атындағы академияның доценті, 100 Жаңа есімнің иегері Нұржан Қабимолдаұлы Жанпейісов.

Сөз кезегі Дәнеш ағаның қызы Г.Д.Рақышеваға берілді. Гүлнәр Дәнешқызы өз сөзін әкесі туралы естеліктер айта келе әнші Нұржан туралы былай ой қозғады...

Нұржан Жанпейісовтің әкемнің орындауындағы әндерді шыр­қағанда, жалпы қазақ дәстүрлі ән-жауһарларын жеткізген үніне құлақ түрсеңіз, байырғының даласы боздап қоя бергендей, бұ­рын­ғы­ның үнін бүгінге жет­кі­зіп жатқандай, бүгінгінің ғажап әуе­ні ертеңге енді өлместей, үзіл­мес­тей болып бет түзегендей бо­ла­ты­­нының сыры – алпыс екі қан та­­­мы­ры­мызда бүлкілдеп жатқан ән­­­ді әншінің бұз­бай жеткізуінде шығар. Мұның бәрі бала күн­­­нен құлағы­мызда қалып қойған әуен­ді тірілте білетін ән құдіретінде бо­лар.
Әнші әнге болмысын, таби­ға­тын, талантын қосады. Кешеден бү­­гінге жеткен әуен – әр кезеңнің сәу­­лесі мен шуағын, зары мен за­пы­ранын өн бойына жиып, ән жә­не домбыраның сазы арқылы бая­­ғы құлақ түбіндегі әуенмен қо­сылып, жүрек тұсың­ды шымыр­лата­ды. Нұржан әнші­нің әндері тың­даушысын сондай сезімге бө­лейді. «Ғарекең ән айтқанда тың­дау­шы жұрт аузына кіріп кететін­дей бо­лып отыратын…». Нұржан Жан­пейі­сов ән айтқанда да әуе­леген ән­мен бірге әлдебір биікке шығып кет­кендей күй кешесің.
Оның орындауындағы Дә­неш­­ әкемнің «Саясында алманың» әнін жүз қайыра тыңдаған болармыз. «Сая­сын­да алманың» – Дәнеш Рақы­шев­тың арғы беттен елге келгенде алғаш шығарған әндердің бірі . «Алманың саясы атажұртымның сая­сы

болып сезілді. Еміреніп кел­ген мені елім алақанына сап аялады», – деген өз сөзінде. Осы әннің Нұржан әнші шырқаған нұс­қасына құлақ салсаңыз, бір ғана әнші емес, тұтас халық теат­ры­ның үнін естисіз. Ағаштан алма үзіп тұрған қыздың айрық­ша сұлу екенін әншінің жалт еткен жанары айтатындай. Оның жаулығын ала қашқан жігіттің әлдебір сезімін де ән­шінің көзқарасы жеткізердей. Алма бағының жұпар исі мұрынды қытықтайтындай, әннің әсем сазымен бірге жып-жы­лы шуақ төгілердей. Құлақ түбіңде қалып қой­ған әлдебір әуеннің сазы да осы ән­мен біте қайнасып жат­қанын ұға­сың. Сенің жүрегіңді тербейтін әнді сол қалпында, шетін бұзбастан жет­кізген ән мен әнші құдіреті – дала үнін, дала арманы мен ерекшелігін көрсетер баба сазын дәл жеткізе білуінде екенін түсінесің…

Бүгінгі күнде Дәнештің ән­шілік мәнерін сақтайтын шәкірті си­рек, сол саусақпен са­нарлық шәкірттердің сүт кенжесі Нұржан Жанпейісовті мақта­ныш­пен үлгі қылатын, Дәнешін са­ғын­ған әкелер оның үнін жүрек түбінде қа­лып қойған естеліктер арқылы ті­­рілтеді.

Келесі сөз кезегі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,Т.Жүргенов атындағы академияның доценті, 100 жаңа есім иегері Н.Қ.Жанпейісовке берілді.

«Әнші Дәнешін сағынған хал­қы­ның мені іздейтінін, менің орын­­дауымдағы әндердің әуенінен сүйік­­ті әншілерінің үнін іздейтінін се­­земін. Оны сахнаға шыққан кезде, «Аңшы­ның әнін» айтшы», «Сая­­­сында алма­ның», «Сары­бидай­ды» орындашы» деген ықыласта­ры­­нан білуге болады. Бұл аталған ән­­дерді мен қанша­лықты нақы­шына келтіре шырқап жүргеніме халықтың өзі сыншы, дейтұрған­мен, Моңғолия, Қытай еліне бар­ғанда сол жақтағы бауыр­лары­мыз­дың Дәнеш пен Әсеттің әндерін көз­­деріне жас алып отырып, қайта-қайта орындатып тыңда­ғандарын көр­генде іштей ұстазым­ның аманатын арқалап жүргенімді сезіне­мін», – депті Нұржан Жан­пейісов әңгімесінде.

Ұс­таз аманатына ән арқылы ғана емес, Дәнеш Рақышевтың әндерін нотасымен бірге тасқа басу ар­қылы да адалдық та­ны­тып келе жатқанын да ай­та кету парыз…
Сөз басында «құлаққа үйір ән» туралы әңгіме айттық қой. Әнші Нұр­­жан салған ән күллі қазақтың құ­лағына үйір, тұтас халыққа ор­тақ мұра десек те, әркімнің өз жү­регін тербейтін нотаны дөп бас­қа­ны үшін әркімнің де «менің әнімді айтты», «менің үнім ғой мынау» деп меншіктей жөнелетіні де әнші бол­мысындағы бір ерекшелікЖаркенттегі «Ха­лық теат­­­­­р­ын­да» Дәнеш Рақышев­пен бір­ге жүрген сәттер, Дәнеш өт­кіз­ген концерттер жайында әңгімелеп, әң­гі­мелерінің куәсін ескірген су­рет­терден іздейтін.
Жалпы, Жетісу дәстүрлі ән мектебіне тиесілі әуен­нің дені бала күнімізден құлағы­мыз­ға сіңісті болып кеткендіктен бе, әнші Ақан Әбдуәлінің анасы
ай­т­­­­пақшы, «құлағымыз Дәнештің ән­деріне үйір» еді. Бірақ, оның Дә­неш­тің әні екенін, халық әні екенін ажы­ратып білмеген бала қал­пы­мыз­да да сол әндердің сиқырлы са­зы, айрықша кеңдігі, күрделі ыр­ғақ-иірімдері әлдебір ғажайып әлемге жетелейтін. Қоңыр, сыршыл әндерді әкеле­ріміз домбыраға қо­сып шырқар еді; мұңды, сазды ән­­дерді әжеле­ріміз бізді бауырына ба­сып отырып айтатын. Кәсіби ән­­дерді, не­гізінен, арнайы ұстаз ал­­дын көрген әншілер ғана орын­дай­­ды десек те, бала дауысымызбен, иірім-қайырымын нәшіне кел­­тіре, теледидардан көріп, радио­дан естіген әуенге еліктеп, барынша дәл, нақты беруге тыры­са­тынбыз. Сондағымыз – әкелеріміз, ана­­­­­ларымыз, аталарымыз бен әже­ле­ріміздің аузынан естіген, айнала­мызда мей­лін­ше көп айтылатын қара өлең мен халық әндерін қай­талап орындап беру арқылы үл­кен­дердің ризашылығына бөлену. «Тұтас қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзді өзі­мізше бұрмалап айтсақ, тұтас ауыл Жетісу әніне бөленіп тұратын сол кездерде үйір болған ән мен әуен құлақ түбінде ыңылдап тұр­маса, жүрегі­міз де босап қалатын­дай екен-ау!
Бала кезден құмартып өскен сол әнді дауыс бояуымен әрлеп, ұлт­­тық нақышты бұзбай айтатын на­ғыз әншінің дауысына құлақ сал­­ғанда…
Нұржан Жанпейісов осы күні Дәнеш аңсап өткен, Дә­неш жетсем-ау, тұрақтасам-ау деген кіндік шаһар – Алматыда. «Дәнеш Рақы­шев Алматыда жұмыс істеп, Ал­­ма­­тыда тұрайыншы деп сұран­ған. Неге екені белгісіз, Дәнеш аға­­ны Талдықорғанға жіберген екен. Аға арманы ғой деп осы жақ­қа ауысып келгеннен кейін, Алматы өнердің ордасы екеніне көзім жет­ті. Мұнда үлкен орта бар екен», – депті бір сұхбатында Нұржан Жан­пейі­сов. Ән мен күй тербеген Алматы­ның үлкен сахналарынан күллі қа­зақтың жүрегінде сақтал­ған жауһар жыр, әсем ән төгіліп жат­са, сол әндер арқылы бүгін мен байыр­ғының, ендігі мен бүгінгі­нің үні ән болып самаладай желпіп өт­се – то­пырағыңа оралу, тамы­рыңа үңілу сол емей, немене?!

Ән Н.Жанпейісовтың орындауында Дәнеш ағаның әні «Көкталым», халық әні «Угай-ай», «Жеңешем», «Аңшының әні», Әсет «Мақпал», «Інжу маржан»т.б. әндер нақышына келтіре отырып орындалып, көрерммен қошеметіне бөленді.

Еш жерде жарияланбаған Тоқбай Исабеков пен Дәнеш ағамыздың «Келіндерге» арнаған әнінің шығу тарихын әңгімесін айта отырып, сол әнді орындады.

Сөз Алма Тоқбайқызына берілді.

Өз кезегінде Алма Тоқтайқызы Дәнеш аға мен Тоқбай әкесі арасындағы шығармашылық тұстары туралы әңгімесімен жалғады.

«Киелі жердің – киелі әншісі» атты кездесу студенттер үшін әсерлі болды, өз ойларын ашық жеткізе отырып, қонақтарға сұрақтар қойды.

 

-         Нұржан аға сіздің Дәнеш ағамыздан әннен басқа өміріңізге қажетті не нәрсені ала алдыңыз?

-         Өнердегі, өмірдегі ұстазыңыздың қай қасиетін өзіңізге алар едіңіз, сол қасиетті ала алдыңыз ба ?

-         Әнші болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

-         Дәстүрлі ән мектептері туралы және олардың бір-бірінен ерекшеліктері жайлы айтсаңыз.

 

Ән : Е.Н.Құлжабековтың орындауында Дәнеш Рақышевтың «Келші аяулым»

Ән: 308 топ студенті З.Құлжабековтың орындау сәті .

Қорытынды

Дәнеш Рақышевқа арнау

 

Алатаудың асқақтығын ұғар кім?!

Өмір деген ғұмырындай бір әннің.

Күрең күзде жоқтау айтып тағы да.

Мұңаяды мұнар күн.

 

Сағынбауға, еске алмаға жоқ негіз,

Ұмытпаймыз асылдарды текке біз.

Даламызда ән ғұмырын жалғасын.

Дәнеш салып кеткен із.

 

Тауға барсам естілердей таныс үн.

Алты қырдан асады дауысың.

Әлем бізді әнімізбен мойындап.

Дәнешпенен танысын.

 

Аққан жұлдыз енді қайтып жанама.

Тоқсан жасың сенсіз келді далама.

Өзің жоқсың, кешің жатыр тойланып,

Асылсың ғой ән аға!

Міне солай тағы жылдар сырғыды.

Жабырқаулы, бар тәрізді бір мұңы.

Алатауда Дәнеш салған әндердің.

Тек жаңғырып тұрды үні.

 

Біз, шынында да әншісі көп халықпыз. Бірақ әрбір әншінің өз биігі, өз бағасы бар. Алексей Толстой айтады: «Ұлы адамдардың өлген күні болмайды, туған күні болады!»

Дәнеш Рақышев - дүбірлеген ән әлемі! Оның дүбірі ғасырдан-ғасырға жетеді. Алматыға бара жатқан қысқа жолдың бойында Мұқыры ауылының бір шетіндегі зират қазір Дәнеш ағаның рухына бас игендердің жиі бұрылып, ат басын тірейтін орны болып тұр.

Дәнеш Рақышев 66 жыл өмір сүрді. Бұл ғұмыр аз ба, көп пе, мәселе жылдың сорабында емес, сол өмірдің мән-мағынасында.

Қазақ халқының халық әртісі Д.Рақышев 1992 жылы 6 шілдеде қайтыс болды. Бірақ ел-жұрты Дәнеш ағаны ұмытқан жоқ. Әр жылдары мерейтойы тойланып отырды. Дәнеш ағаның еске алу артында ұрпақтары тұрғанда мәңгілік өшпейді.

Киелі жердің - киелі әншісі міне осындай!

 

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location