29 Қантар 2021
684

«Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын еңгізу тәжірибесі; Мәселелер мен перспективалар» тақырыбына

Жаркент жоғары гуманитарлық – техникалық колледж базасында «Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын еңгізу тәжірибесі; Мәселелер мен перспективалар» республикалық іс-тәжірибе алмасу вебинары өтті. Вебинар бағдарламасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат  бағдарламасын еңгізуде кредиттік оқыту жүйесі бойынша тәжірибе алмасу, оқу процесін жаңа бағытта ұйымдастырудағы өзекті мәселелер қаралып, тәжірибеде қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

 

 

Республикалық вебинарды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ТжКБ басшысы Ш. Исаханова жүргізді.

Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры А.Нұртас және Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Б.Н.Саурамбаева республикадағы колледждер арасындағы байланыс жұмыстарының оң нәтиже беріп жатқандығын айта отырып, вебинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары С.Агимов вебинарға қатысушыларды бағдарлама негізінде колледждегі жоғарғы оқу орындарымен жүргізіліп отырған жұмыстармен бөлісті.

 

 

Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын еңгізу қадамдарын және педагогикалық мамандықтар бойынша бағдарлама аясындағы мәселелер мен оны шешу жолдары туралы Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Рақымжан  кеңінен тоқталып, бүгінгі күні қолданбалы бакалавриат бойынша нормативтік –құқықтық базаның қажеттілігі туралы  айтты. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасының оқу нәтижесінде студенттер жалпыеуропалық білім кеңістігіне қажетті құзыреттерді меңгеру мүмкіндіктерін көрсетеді. Қолданбалы бакалавриат бағдарламасын игерген түлектер өндірістегі практикалық жұмыс дағдыларына, сонымен қатар жоғары білім деңгейінде теориялық дайындықтан өткен мамандар болатындығын университетпен әріптестік принципте іске асырып, жоғарғы білікті мамандарға айналатындығын айтты.Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

 К. Құрабалдиева қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша міндетті компоненттерге сәйкес пәндерге жасалатын силлабус үлгісімен таныстырылым жасап, силлабусты жасау әзірлемесіне әдістемелік нұсқау ұсынды.Вебинардың тәжірибелік алаңында Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары С.Әмірова «М.Монтессори технологиясының сенсорика аймағын пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында дидактикалық ойындарға қажетті оқу  құралдарымен таныстыра отырып, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша балабақшаларда жүргізілетін барлық білім беру салаларына қолданып, оқу

 

 

қызметін нәтижелі жүргізуге септігі мол екендігін көрсетсе, Ж.Есханова қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру платформаларын тиімді қолданудың жолдарымен таныстырды.  Осы колледждің офис тіркеушісі Л.Искакова Қолданбалы бакалавриат бағдарламасында «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдану тәжірибесімен бөлісті. Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы «Қолданбалы бакалавр топтарында педагогика-психология пәндерін оқыту ерекшелігі және бағалау» тақырыбында тәжірибе алмасты. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің арнайы пән оқытушысы Г. Қадірова «Мейірбике ісіндегі оқытудың симуляциялық технологиялары» тақырыбында тәжірибелік сабағына таныстырылым жасады. Ұйымдастырушы Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары Б.Ниетбаева «Әлеуметтік мәдени аспект шетел тілі сабағында лексикалық және грамматикалық жаттығулар қолдану арқылы оқуға үйрету құралы»,

 

 

Маули «Арнайы пән сабақтарын ұйымдастырудағы негізгі әрекеттер» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Республикалық вебинарға 150 педагог қатысты. Вебинарда нәтижеге негізделген тәсілдер арқылы жоспарланған оқыту нәтижесін жүргізе отырып оқу процесін бағдарлауға әдістемелік көмек көрсетілді. Вебинар аясында қолданбалы баклавриат бағдарламасын сәтті және оңтайлы жүргізуге халықаралық қажетті шешімдер айтылды.

Халықаралық интеграция техниалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізіп инновациялық модель құру бүгінгі күннің талабы.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location