01 Наурыз 2021
530

Нәтижеге бағытталған оқу үрдісіндегі қашықтықтан білім беру технологияларының тиімділігі

08.02.2021-19.02.2021 күндері ««Математика, физика, информатика» пән циклдік комиссиясының «Нәтижеге бағытталған оқу үрдісіндегі қашықтықтан білім беру технологияларының тиімділігі» тақырыбындағы онкүндігінің жоспар бойынша өтілді. Мақсаты: Нәтижеге бағытталған оқу үрдісіндегі қашықтықтан білім беру технологияларының тиімділігін онлайн сабақтарда қолдану жолдарын іске асыру;

Онкүндік барысында ПЦК оқытушылары кесте бойынша онлайн сабақтар, шебер класстар, студенттерге онлайн көмек, мемлекеттік іс-тәжірибелерді талдау, облыстық деңгейде тәжірибе алмасты. 1 ші курстармен жалпы білім беретін пәндер бойынша физика пәнінен А.К.Келмухамбетова «Электромагниттік толқындар» өз сабағында Қазақ Ұлттық Университеттің «Метеорология және гидрология» кафедрасымен бірлескен ғылыми сабағы жоғары деңгейде өтілді, А.К.Жумагельдинова «Радиобайланыс принциптері» сабағында Қазақ радиосының аймақтық жиілігін анықтау студенттер үшін өте қызықты болды. Информатика пәні бойынша Е.А.Жуманов «Виртуалды шынайылықтағы адам» сабағында студенттер өте белсенді практикалық жұмыстарды көрсетсе, С.Е.Болатұлының «Электронды үкімет» сабағында жүйелі түрде құрастырылған мобильді тапсырмалар жиынтығы, заманауи интерфейс дизайн, оқытудың цифрлық әдістері көрініс тапты. Е.Б.Сағат, А.Ж.Дауренбекова 1-ші курстарды бейімдеу мақсатында студентке онлайн-көмек көрсетеліп, өз сұрақтарының жауаптарын алды. А.Ж.Дауренбекова «Интерактивті тақталар мүмкіндіктері» сабағында онлайн интерактивті тақталармен жұмыс істеп, қолдану аясын, мүмкіндіктерін шебер көрсетті. Б.М.Усеновтің «3D панорама және виртуалды тур» сабағында студенттердің көпшілігі еркін жұмыс жасауға бейімделген, оқытушы үнемі қосымшалармен жұмыс жасайтынын көрсетті. Цифрлық сауаттылық пәні бойынша А.Т.Касымжанова «Электронды үкіметті пайдалану» практикалық сабағында порталмен өтініштер беру жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерді іске асырса, К.Н.Кусаинов жаңартылған білім беру бағдарламасының тиімді әдістерін өз сабағында тәжірибелік тұрғыда көрсете алды. А.Р.Смагулова «Ақпараттық технологияның дамытудың заманауи үрдістері» сабағында цифрлық контенттерді тиімді пайдаланып, интерактивті қосымшаларды жоғары деңгейде қолданды. Математика пәні бойынша Ш.И.Курбанова «Производная сложной функции» сабағында студенттер сабақтың барлық кезеңінде белсенділік танытып, интерактивті тапсырмалар мен есептерді сәтті топпен орындады. Е.А.Исаев «Туындыны өмірде пайдалану» сабағында Блум таксономиясы бойынша деңгейлі есеп шарттарын құрастырып, PISA тапсырмаларын тиімді қолдана алды. М.М.Мейрманов Web – дизайн факультатив сабағы бойынша студенттер жоба жұмыстарын қорғады. Жоба жұмыстары 3D программалары, хромакей әдістерін қолдану, After Effect бағдарламасында видео монтаж, галлограмма жұмыстары колледж студенттерінің қызығушылықтарын арттырды. Г.Н.Ашимбекова, А.К.Сатыбалдиева, А.Р.Смагулова «Кәсіби мамандыққа алғашқы қадам» тақырыбында әлеуметтік серіктестікті қолдау аясында базалық мектептермен тікелей байланысқа шықты. «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы білім беру платформаларының мүмкіндіктері» тақырыбында А.А.Сайдахметованың ұйымдастыруымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінің оқытушылар мен магистранттары және колледж білім алушылары мен он-лайн вебинар өткізілді. Вебинар барысында IT-технологияларды қашықтықтан оқыту жағдайында қолдану жолдарын өз тәжірибелермен бөлісіп, онкүндіктің жабылуы жоғары деңгейде қорытындыланды.

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location