13 Қазан 2021
345

Педагог-шебер біліктілік санатына ие болған оқытушылардың онлайн-ашық сабақтары ұйымдастырылды

27 сәуір 2021 жылы Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Педагог-шебер» біліктілік санатына ие болған оқытушылардың онлайн-ашық сабақтары ұйымдастырылды.

 

Аталған іс-шарада Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, «Talap» КеАҚ штаттан тыс тренері, педагог-шебер Нұрбекова Ақмарал Маметқазықызы «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша білім алатын 101 топта қазақ әдебиеті пәнінен «Маралтай Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Тәжірибелі ұстаздың оқу мақсаты мен бағалау критерилеріне сай құрылған, мазмұнды, тартымды сабағы өте жоғары деңгейде өтті. ZOOM бағдарламасымен өткізілген ашық сабаққа облысымыздың ТжКБ педагогтары өз бағасын берді.

 

 

 

Ой-пікірлер (0)

Ой-пікірлері жоқ

Ой-пікіріңізді қалдырыңыз

Attachments (0 / 3)
Share Your Location